unconditional [ˌʌnkənˈdɪʃənl] adj (ешбір) шартсыз, талапсыз, сөзсіз, даусыз; шексіз (opp: conditional) ♦the unconditional surrender of military forces – әскери күштердің шартсыз/ сөзсіз берілуі/ тізе бүгуі ♦She gave her children unconditional love. – Ол балаларын шексіз сүйді. ♦They appealed for the immediate and unconditional release of all political prisoners. – Олар барлық саяси тұтқындарды тез әрі шартсыз/ сөзсіз босатуға үндеді/ шақырды. ♦They demanded the unconditional withdrawal of military forces. – Олар әскери күштердің ешбір шартсыз/ сөзсіз әкетілуін/ шығарылуын талап етті.