unconscious [ʌnˈkɒnʃəs] A.adj 1.есінен танған, ессіз, есін білмейтін, ес-түссіз ♦They found him lying unconscious on the floor. – Олар оны еденде ес-түссіз жатқан жерінен тапты. ♦She was knocked unconscious. – Оған соққы тиіп, есінен тана құлады. ♦She fell unconscious after breathing in the gas. – Газ иіскеп/ Ыс тиіп ол есінен танып құлады. 2. (сезім, ой, тб ж) сана түбіндегі/ астындағы, ой/ сана астарындағы/ түкпіріндегі, еріксіз болып жатқан; әдейі емес, аңғал ♦unconscious desires – сана астары қалаулары ♦Freud sought to unlock the workings of the unconscious mind. – Фрейд(тің) сана астарының қалай жұмыс істейтінін ұққысы келді. ♦the danger of unconscious bias – ағат түсініктің қаупі ♦The brochure is full of unconscious humour. – Брошюра аңғал қалжыңдарға толы. 3. ∼ of smb/smth білмейтін, білмеген, аңғармайтын, хабарсыз; байқамайтын, ағат (syn: oblivious) ♦She is unconscious of the effect she has on people. – Ол өзінің адамдарға қалай әсер ететінін аңғармайды. ♦He was quite unconscious of the danger. – Ол қауіптен тіпті бейхабар еді. ♦He made his way down the street, unconscious of the people, cars and buildings around him. – Ол көшемен жүрді, айналасындағы кісілерге, машиналарға, үй-жайлар (оның) ойына кіріп-шықпады. B.n the ∼ (psychology) сана асты/ түбі/ астары/ түкпірі (подсознание)