uncover [ʌnˈkʌvə(r)] v 1. ∼ smth қақпағын/ жамылғысын ашу/ алу ♦Uncover the pan and let the soup simmer. – Кастрюльді/ Кәстрөлді ашып, супты/ сорпаны аз жалынға қой. 2. ∼ smth (бұрын белгісіз, құпия нәрсені) ашу, білу, табу; әшкерелеу, әшкере ету ♦Police have uncovered a plot to kidnap the President's son. – Полиция президенттің ұлын ұрламақ (болған) қастандықты ашты/ білді. ♦It will be difficult to uncover the truth. – Шындықты білу/ -қа жету қиын болады. ♦Archaeologists have uncovered an entire Roman city. – Археологтар бүтін бір рим қаласын тапты.