under [ˈʌndə(r)] A.prep 1.асты(нда) ♦Have you looked under the bed? – Төсектің астын қарадың ба? ♦She placed the ladder under the window. – Ол сатыны терезенің астына қойды. ♦The dog squeezed under the gate and ran into the road. – Ит қақпаның астынан жер бауырлай/ қысыла өтіп, көшеге (қарай) жүгірді. ♦The boat lay under several feet of water. – Қайық бірнеше фут судың астында жатты. 2. (бірнәрседен) аз, кем, астында, төмен ♦an annual income of under £10 000 - £10 000-тан аз жылдық табыс ♦It took us under an hour. – Бір сағаттан аз уақтымыз кетті. ♦Nobody under 18 is allowed to buy alcohol. – Он сегіз жастан төмендерге алкоголь сатылмайды. 3. (бірн-е) әсер еткен, астында ♦The wall collapsed under the strain. – Қабырға қысымға шыдамай құлады. ♦I've been feeling under stress lately. – Кейінгі уақытта торығып жүрмін. ♦I'm under no illusions about what hard work this will be. – Бұның біршама ауыр жұмыс болатынын ұғамын. ♦You'll be under anaesthetic, so you won't feel a thing. – Саған/ Сізге анестезия салады, сондықтан ауырмайтын болады. 4. (біреудің) қарамағында, бақылауында; біреу билеп тұрған кезде ♦The country is now under martial law. – Елде қазір әскери жағдай. ♦The coinage was reformed under Elizabeth I. – Ақша жүйесі І Елизавета/ Елизавета І тұсында реформаланған. ♦She has a staff of 19 working under her. – Оның қарамағында он тоғыз адам істейді. ♦Under its new conductor, the orchestra has established an international reputation. – Жаңа дирижердің арқасында/ тұсында оркестр халықаралық беделге ие болды. 5.пәлен заңға/ жүйеге сай/ сәйкес ♦A man was detained under the Mental Health Act. – Кісіні Ақыл-ес денсаулығы заңына сай тұтқындады. ♦Under the terms of the lease you had no right to sublet the property. – Жал/ Аренда келісіміне сай сіздің субарендаға беретін хақыңыз болмады. ♦Is the television still under guarantee? – Мына телевизорға әлі гарантия бар ма? 6.пәлен халде/ күйде/ жағдайда ♦The hotel is still under construction. – Қонақ үйді әлі салып жатыр. ♦The matter is under investigation. – Мәселені әлі тергеуде. 7.пәлен(дей) лақап атпен ♦She also wrote under the pseudonym of Barbara Vine. – Ол Барбара Вайн деген лақап атпен де/ псевдониммен де жазды. 8.пәлен(дей) тізімде/ қатарда, тсс ♦If it's not under ‘sports’, try looking under ‘games’. – Егер бұл «спорт» тізімінде болмаса, (онда) «ойын» тізімінен қарап көр. B.adj асты(ндағы), астыңғы, төменгі ♦the under layer – төменгі/ астыңғы қабат ♦the under surface of a leaf – жапырақтың бетінің асты C.adv 1.астында ♦He pulled up the covers and crawled under. – Ол жамылғыны тартып көтерді де астына еңбектеді. 2.су астына/ астында ♦She took a deep breath and stayed under for more than a minute. – Ол терең дем алды да су астында бір минуттан аса болды. ♦The boat was going under fast. – Қайық тез батып/ шөгіп бара жатты. 3.аз, кем, төмен; жас(ырақ) ♦prices of ten dollars and under – он доллар не одан төмен бағалар ♦children aged 12 and under – он екі не одан төмен балалар 4.есінен танған, ес-түссіз; есінен танайын деген ♦He felt himself going under. – (Ол өзінің) есінен тана бастағанын сезді.
under- [ʌndə(r)] prefix ♦undergrowth, undercoat, the under-fives, an undergraduate, underripe, undercooked