underground [ˌʌndəˈɡraʊnd] A.adj, adv 1.жерасты, жер астындағы ♦an underground bunker/tunnel – жерасты бункер/ тоннель ♦underground parking – жерасты паркиң/ автотұрақ ♦animals that live underground – жер астында тіршілік ететін аңдар/ хайуандар ♦toxic waste buried deep underground – өте терең көмілген улы қалдық 2.астыртын, жасырын, құпия ♦an underground resistance movement – астыртын/ жасырын қарсылық қозғалысы ♦The changes will affect all workers, whether underground or legal. – Өзгеріс бар(лық) жұмысшыға әсер етеді, заңды (түрде) тіркелмесе де, тіркелсе де. ♦The party was originally formed as an underground organization in 1987. – Партия алғашында 1987 жылы астыртын/ жасырын ұйым ретінде құрылды. ♦He went underground to avoid arrest. – Тұтқындалмас үшін ол астыртын жағдайға көшті. ♦If the group is outlawed they will go underground. – Топты заңсыз деп таныса, олар астыртын жағдайға көшеді. ♦Opposition groups have been driven underground. – Оппозиция топтарын астыртын жағдайға көшуге мәжбүр етті. B.n 1. (often the U∼) (BrE) (NAmE subway) метро (қаладағы жерасты пойызы) ♦underground stations – метро станциялары ♦the London Underground – Лондон метросы ♦I always travel by underground. – Ылғи (да) метромен жүремін. 2. the ∼ астыртын/ жасырын/ құпия саяси ұйым