underneath [ˌʌndəˈniːθ] A.prep, adv астына, астында, асты, төмен жағы(на) ♦The coin rolled underneath the piano. – Тиын/ Монета пианиноның астына домалап кетті. ♦This jacket's too big, even with a sweater underneath. – Жакет, астына свитер кисе де, тым үлкен. ♦Underneath her cool exterior she was really very frightened. – Сырттай жайбарақат көрінгенмен, іштей ол қатты қорқып тұрған еді. ♦He seems bad-tempered, but he's very soft-hearted underneath. – Жініккіш сияқты көрінген(і)мен, оның іштей жүрегі - жұмсақ. B.n the ∼ асты, төмен жағы ♦She pulled the drawer out and examined the underneath carefully. – Ол тартпаны суырды/ шығарды да астын мұқият тексерді.