understand [ˌʌndəˈstænd] v (pt, pp understood [ˌʌndəˈstʊd]) 1.түсіну, ұғу, білу ♦∼ (smth) Can you understand French? – Французша түсінесің(із) бе? ♦Do you understand the instructions? – Нұсқауларды ұғасың(ыз) ба/ түсінесің(із) бе? ♦∼ smth Doctors still don't understand much about the disease. – Дәрігерлер (бұл) ауру жайлы әлі көп білмейді. ♦No one is answering the phone - I can't understand it. – Ешкім телефонға жауап бермейді – (неге екенін) ұқпаймын/ түсінбеймін. ♦I fully understand the reason for your decision. – Неге осылай шешкенің(із)ді толық түсінемін. ♦They’re too young to understand what is happening. – Олар тым жас болғандықтан, не болып жатқанын ұқпайды. ♦∼ smb/smth doing smth I just can't understand him taking the money. – Оның қалай/ неге ғана ақшаны алғанын ұқпаймын. ♦∼ smb Nobody understands me. – Мені ешкім түсінбейді/ ұқпайды. ♦He doesn't understand women at all. – Ол әйелдерді/ әйел атаулыны мүлде түсінбейді. ♦We understand each other, even if we don’t always agree. – Бір-бірімізбен келіспей қалсақ та, бір-бірімізді ұғамыз/ түсінеміз. ♦∼ what, how, etc… They understand what I have been through. – Басымнан не кешкенін олар ұғады. ♦I thought it was understood that my expenses would be paid. – Шығындарымды төлейді деп ойлаппын./ Шығындарымның төленетінін барлық тарап ұқты деп ойлаппын. 2. (formal) ұғу, түсіну, пайымдау, ойлау ♦∼ (that)… I understand (that) you wish to see the manager. – Менеджерді/ Басқарушыны көргің келетінін білемін/ түсінемін. ♦Am I to understand that you refuse? – Сені/ Сізді бас тартып тұр деп ұғайын ба? ♦∼ smb/smth to be/have smth The Prime Minister is understood to have been extremely angry about the report. – Премьер-министр хабар/ баяндама жөнінде өте ашуланды дейді. ♦it is understood that… It is understood that the band are working on their next album. – Муз-қ топ өзінің келесі альбомы бойынша жұмыс істеп жатыр дейді. 3. (idm) *give smb to believe/understand (that)… (formal) біреуді сендіру, біреуге ұқтыру/ түсінікті ету ♦I was given to understand that she had resigned. – Олардың сөзінен оның қызметтен кеткенін ұқтым. *make yourself understood өзін басқа тілде ұқтыру, ойын басқа тілде жеткізу ♦He doesn't speak much Japanese but he can make himself understood. – Ол жапонша онша білмесе де, өзін ұқтыра алады.