understanding [ˌʌndəˈstændɪŋ] A.n 1. ∼ (of smth) түсінік, түсіну(шілік), ұғым, ұғу(шылық), білім, білу(шілік) ♦a broad understanding – кең түсінік/ түсінушілік ♦a deep/clear understanding of something – бірнәрсені терең/ анық ұғу/ түсіну ♦a complete lack of understanding – түсінігі мүлде аз болу/ түсінігі мүлде жетпеу ♦a greater understanding of the issues – мәселелерді кеңірек/ тереңірек ұғу ♦The committee has little or no understanding of the problem. – Комитет мәселені аз ұғады не мүлде ұқпайды. ♦to develop/improve/increase understanding of something – бірнәрсені ұға бастау/ ұғуын арттыру ♦to promote understanding – түсінікті арттыру ♦mutual understanding – өзара түсінік/ түсіністік ♦Try to show a little more understanding. – Аздап ұғуға тырыссаң(ыз)шы. ♦∼ between A and B We are looking for a better understanding between the two nations. – Екі ел арасында өзара түсініктің жақсарғанын қалаймыз. 2.түсінік, (бейресми) келісім ♦∼ about smth We finally came to an understanding about what hours we would work. – Ақыры қай сағаттарда жұмыс істеуіміз керектігі туралы түсінікке келдік. ♦∼ that… We have this understanding that nobody talks about work over lunch. – Түскі ас кезінде ешкім жұмыс жайлы айтпайды деген түсінігіміз бар. ♦∼ with smb I think I've reached an understanding with my mother. – Анам екеуміз бір-бірімізді ұқтық деп ойлаймын. 3. ∼ (of smth) (пәлендей) ұғу, түсіну, түсінік (syn: interpretation) ♦My understanding of the situation is different – Жағдайды мен басқаша түсінемін. ♦It was our understanding that you had already been informed. – Саған/ Сізге айтқан/ айтылған екен деп ойладық/ ойлаппыз. ♦The statement is open to various understandings. – Бұл мәлімдемені түрліше ұғуға болады. 4. (idm) *on the understanding that… (formal) деген түсінікпен, пәлен түсінікпен ♦They agreed to the changes on the understanding that they would be introduced gradually. – Олар баяу енгізілетін болады деген түсінікпен өзгерістерге келісті. ♦I thought you gave me the book on the understanding that I could keep it. – Сен маған кітапты менде болсын деп берді екен деп ойлаппын./ Сен маған кітапты бергенде, кітап менде болуы/ қалуы керек екен деп ойлаппын. B.adj түсінікпен қарайтын, ұғатын, кешіретін, жылы жүзді (syn: sympathetic) ♦She has very understanding parents. – Оның ата-анасы қас-қабақтан байқайды.