undertake [ˌʌndəˈteɪk] v (pt undertook [ˌʌndəˈtʊk], pp undertaken [ˌʌndəˈteɪkən]) (formal) 1. ∼ smth бір істі қолына алу, (бірнәрсеге) өзін жауапты ету ♦to undertake a task/project – міндетті/ жобаны қолға алу, міндетке/ жобаға кірісу ♦University professors both teach and undertake research. – Университет профессорлары оқытады да, зерттеумен айналысады да. ♦The company has announced that it will undertake a full investigation into the accident. – Компания оқиғаны толығымен зерттейтін боламыз деп мәлімдеді. 2. ∼ to do smth | ∼ that… (бірнәрсе істеуге) уәде ету, келісу ♦He undertook to finish the job by Friday. – Жұмысты жұмада бітіремін деп уәде етті.