underwater [ˌʌndəˈwɔːtə(r)] A.adv су астында, су бетінен төмен ♦They escaped by swimming underwater. – Олар су астымен жүзіп, құтылып кеткен. ♦Take a deep breath and see how long you can stay underwater. – Терең дем алып, су астында қаншалықты шыдайтының(ыз)ды көр(іңіз)/ тексер(іңіз). ♦Like humans, seals can't breathe underwater. – Адамдар сияқты тюленьдер де/ итбалықтар да су астында дем ала алмайды. B.adj суасты, су астындағы ♦an underwater camera/photographer – суасты камерасы/ фотографы ♦underwater photography/archaeology – суасты фотографиясы (фотосы)/ археологиясы ♦an underwater cave/volcano/mountain – суасты үңгірі/ вулканы/ тауы ♦an underwater tunnel/pipeline – суасты туннелі/ құбыры ♦underwater creatures – суасты мақұлықтары