uneasy [ʌnˈiːzi] adj 1. ыңғайсыз(данған), қобалжыған, жайсыз сезінген, уайымдаған (syn: anxious) ♦an uneasy laugh – ыңғайсыз күлкі ♦His presence made her feel uneasy. – Ол (еркек) (сонда) болған соң, ол (әйел ) жайсыз сезінді. ♦She had an uneasy feeling that something terrible was going to happen. – Бір сұмдық нәрсе болады-ау деген жайсыз сезім болды онда. ♦∼ about doing smth She felt uneasy about leaving the children with them. – Балаларды олармен қалдырып кетуге ол қобалжыды. 2.тұрақсыз, тұрлаусыз, баянсыз ♦an uneasy peace – баянсыз бейбітшілік/ тыныштық ♦The two sides eventually reached an uneasy compromise. – Екі жақ ақыры бір тұрлаусыз мәмілеге келді. 3.жайсыз, біртүрлі, бірқысым, жүйкеге тиетін, тыншымаған ♦She woke from an uneasy sleep to find the house empty. – Ол жайсыз ұйқыдан оянғанда үйдің бос екенін байқады. ♦They passed an uneasy night waiting for news from the hospital. – Олар ауруханадан хабар күтіп түні бойы тыншымады. 4.үйлеспеген, жараспайтын, бірқысым, біртүрлі ♦an uneasy mix of humour and violence – әзіл мен зомбылықтың бірқысым үйлесімі ♦Old farmhouses and new villas stood together in uneasy proximity. – Көне ауыл үйлері мен жаңа виллалар үйлеспей қатар тұрды.