unexpected [ˌʌnɪkˈspektɪd] adj күтпеген, тоспаған, тосын (жағдай, тб) ♦Things took an unexpected turn. – Жағдай тосын арнаға бұрылды. ♦an unexpected death – күтпеген өлім ♦an unexpected result/consequence – тосын нәтиже/ салдар ♦The film has some unexpected twists. – Фильмде тосын бұралаңдар бар. ♦an unexpected visitor – күтпеген қонақ/ келуші ♦The attack came from a totally unexpected direction. – Шабуыл мүлде күтпеген жақтан болды.
unexpected, the [ði ˌʌnɪkˈspektɪd] n күтпеген нәрсе, тосын нәрсе ♦Police officers must be prepared for the unexpected. – Полиция қызметкерлері тосын жағдайларға әзір тұруы керек.