unique [juˈniːk] adj 1. бірден-бір, өте сирек, бірегей, жалғыз ғана, өте ерекше, өте айрықша, беймысал, беназир (уникальный) ♦Everyone's fingerprints are unique. – Әркімнің саусақ табы – беймысал/ бірден-бір/ ерекше. Each item has a unique 6-digit code. – Әр заттың алты саннан тұратын ерекше коды бар. ♦∼ in smth Her lawyer said the case was unique in French law. – Оның адвокаты бұндай іс француз заңында болмаған/ өте сирек кездеседі деді. ♦∼ in doing smth Saturn's largest moon is unique in having an atmosphere made mostly of nitrogen. – Сатурнның ең ірі айы өте ерекше, себебі оның атмосферасы көбінесе азоттан тұрады. 2. (өте) ерекше, айрықша, бөлекше, өзінше, бірден-бір, өте сирек ♦This house has many unique features, including a 45-foot-long outdoor swimming pool. – Үйдің көптеген ерекшеліктері бар, мысалы, тыста ұзындығы 45 фут бассейні бар. He approaches problems in his own unique way. – Ол проблемаларға басқаша жақындайды. The vast red sand dunes are what makes this area unique. – Бұл өңірді ерекше ететін ондағы ауқымды қызыл құм төбелер. a unique talent – ерекше дарын/ талант The deal will put the company in a unique position to export goods to Eastern Europe. – Контракт компанияның товарларды Шығыс Европаға экспорттауына ерекше жағдай жасайды. 3. (белгілі бір жерге, адамға ғана) тән ♦∼ to smb/smth an atmosphere that is unique to New York – Нью-Йоркке (ғана) тән атмосфера/ жағдай The koala is unique to Australia. – Коала Австралияға ғана тән.