unit [ˈjuːnɪt] n 1.бірлік, бір нәрсе, бір адам, тсс ♦After 1946 the British Government treated the four territorial divisions as a single unit. – 1946 жылдан соң Британия үкіметі төрт территориялық/ аумақтық бөлікті жалғыз бірлік/ бір құрылым деп қарады. The basic unit of society is the family. – Қоғамның негізгі бірлігі – үй-іші/ семья. The cell is the unit of which all living organisms are composed. – Клетка - барлық тірі организмдерді құрайтын бірлік./ Барлық тірі организм клеткадан құралған. 2. (business) бір дана, бір тал ұқсас, заттардың ішіндегі біреуі ♦The game's selling price was $15 per unit. – Ойынның әрқайсысы/ біреуі/ бір данасы $15 тұрады. What's the unit cost? – Біреуі/ бір талы/ данасы қанша тұрады? 3.тарау, бөлік (оқулықтың, курстың) ♦each unit of the course – курстың әр тарауы/ бөлігі in aThe present perfect is covered in Unit 8. – Осы перфект шақ 8-тарауда берілген. 4.топ, бөлім ♦army/military/combat/police units – армия бөлімдері/ әскери бөлімдер/ ұрыс бөлімдері/ полиция бөлімдері a special unit – арнайы бөлім Medical units were operating in the disaster area. – Медициналық топтар/ Ем беру топтары апат аймағында әрекет етуде. They formed small units of 15 to 20 people. – Олар 15-20 адамнан құралған топтар құрды. 5. (ауруханадағы) бөлім ♦the intensive care unit – ауыр науқастар бөлімі a maternity unit – аналар бөлімі patients in the psychiatric unit – психиатрия бөлімінің науқастары/ пациенттері 6.шкаф ♦a fitted kitchen with white units – бөліктері ақ кіріккен кухня шкафы floor/wall units – еден/ қабырға шкафтары bedroom/kitchen units – ұйықтау бөлмесі/ кухня шкафтары 7.өлшем бірлігі, бірлік ♦a unit of measurement – өлшем бірлігі Women are advised not to drink more than fourteen units of alcohol per week. – Әйелдерге аптасына алкогольді он төрт бірліктен артық ішуге болмайды деген кеңес беріледі. a unit of time/length/weight – уақыт/ ұзындық/ салмақ бірлігі a unit of currency, such as the euro or the dollar – евро не доллар сияқты ақша бірлігі per  Electricity is ten pence per unit. – Электрдің әр бірлігі - он пенс. The law requires almost all federal agencies to use metric units. – Заң бойынша барлық федералды агенттіктер метрикалық бірлікті пайдалауы керек. 8.шағын аппарат/ машина/ механизм, тсс ♦a waste disposal unit – қоқыс реттеу аппараты the central processing unit of a computer – компьютердің орталық процессоры an air-conditioning unit – ауа суытқыш кондиционер 9. (formal) үй-жай, үй, жай ♦a housing/residential unit – тұрғын үй to build new affordable housing units – жаңа, қолжетімді тұрғын үйлер салу 62 home units – 62 тұрғын үй a single dwelling unit – жеке тұрғын үй an industrial unit – өнеркәсіп орыны, индустриялық үй-жай/ жай 10.бірлік (0-ден 9-ға дейінгі кез-келген бүтін сан) ♦a column for the tens and a column for the units – ондықтарға арналған баған және бірліктерге арналған баған