united [juˈnaɪtɪd] adj 1. (елдер ж) құрама, бірлескен, қосылған ♦the United States of America – Америка Құрама Штаттары efforts to build a united Europe – бірлескен Европа құрмақ талпыныстар a politically united federation – саяси бірлескен федерация 2. (адамдар, топтар ж) бірлескен, топтасқан, үйлескен, қосылған, біріккен, жұмылған ♦We need to become a more united team. – Үйлескен топқа айналуымыз керек. ♦∼ in smth They are united in their opposition to the plan. – Жоспарға қарсылықта олардың позициясы ортақ/ бірдей. ♦∼ by smth The various religious and ethnic groupings were united by their desire to end British rule. – Түрлі діни және этникалық топтар Британия билігін кетіру үшін бірікті/ топтасты. ♦∼ against smb/smth The EU has sent a clear message that it stands united against terrorism. – Европа Одағы терроризмге қарсы күреске өзінің барлық мүшесі жұмылған деп ашық білдірді. ♦∼ behind smb/smth The Republican Party is united behind its candidate. – Республикалық партия өз кандидатын бірауыздан қолдайды. 3. (кейбір команда мен компанияның атауында пайд) ♦Manchester United – Манчестер Юнайтед 4. (idm) *form, present, etc. a united front өздерінің бірауызды/ ортақ пікірде/ позицияда екенін көрсету ♦The prime minister stressed the need to present a united front. – Премьер-министр бірауыздылыққа шақырды.