unknown [ˌʌnˈnəʊn] A.adj 1.белгісіз, беймәлім, бейтаныс ♦A previously unknown group claimed responsibility for the bombing. – Жарылыс үшін бұрын беймәлім болып келген топ жауапкершілікті мойнына алды. The man's identity remains unknown. – Кісінің кім екені белгісіз болып қалуда. An unknown number of civilians were killed or injured in the attack. – Шабуыл кезінде нақты саны белгісіз бейбіт тұрғындар өлген не жараланған. 2. (адамдар ж) танымал емес, әйгілі емес, бейтаныс, белгісіз, беймәлім ♦She was then still relatively unknown. – О кезде ол әлі онша танымал емес еді. The author is virtually unknown outside Poland. – Авторды Польшаның сыртында ешкім білмейді (десе де болады). an unknown actor – бейтаныс актер 3.болмаған, болмайтын, кезікпейтін, беймәлім, белгісіз ♦∼ in… The disease is as yet unknown in Europe. – Бұл ауру Европада әлі белгісіз. it is smb/smth to do smth It was not unknown for people to have to wait several hours. – Кейде адамдардың бірнеше сағат күтуіне тура келеді. It is virtually unknown for foxes to attack anyone. – Түлкілердің адамға шабуылы өте сирек (ұшырасады). a period of democratic development unknown in their country until now – осы уақытқа дейін бұл елде болмаған демократиялық даму кезеңі 4. (idm) *an unknown quantity әлі беймәлім адам я зат *unknown to smb ​пәлен адам білместен, пәлен адамға білдірмей ♦Unknown to me, he had already signed the agreement. – Маған айтпастан ол келісімге қол қойып қойыпты. B.n 1. the ∼ (орын, жер, зат ж) белгісіз, беймәлім; белгісіздік, беймәлімдік ♦a journey into the unknown – белгісіз жаққа сапар шегу a fear of the unknown – белгісіздіктен қорқу 2.онша танымал/ әйгілі емес адам, бейтаныс ♦A young unknown played the leading role. – Жас бейтаныс актер басты рольде/ рольді ойнады. 3.белгісіз, беймәлім, түсініксіз (факт, нәрсе, тб) ♦There are so many unknowns in the proposal. – Ұсыныста түсініксіз нәрсе өте көп. 4. (mathematics) белгісіз сан (неизвестное число) ♦X and Y in the equation are both unknowns. – Теңдеудегі Х мен У-тің екеуі де белгісіз сандар.