unless [ənˈles] conj өйтпесе(м, -ң), сөйтпесе(м, -ң), тсс ♦You won't get paid for time off unless you have a doctor's note. – Дәрігердің қағазын көрсетпесең, жоқ күндеріңе ақша алмайсың. I won't tell them - not unless you say I can. – Оларға айтпаймын – айт десең ғана айтамын. Unless I'm mistaken, she was back at work yesterday. – Қателеспесем, ол кеше жұмысқа оралды. He won’t go to sleep unless you tell him a story. – Ертегі айтпасаң, ол ұйықтамайды. I sleep with the window open unless it's really cold. – Күн суық болмаса, терезені ашып жатамын/ ұйықтаймын. Unless something unexpected happens, I'll see you tomorrow. – Аяқ астынан бірнәрсе болмаса, ертең (бір-бірімізбен) жолығамыз.