up

up [ʌp] A.adv 1.жоғарыға, жоғары жаққа, үстіне; жоғарыда, үстіде, жоғары жақта ♦He jumped up from his chair. – Ол креслосынан/ орындығынан жоғары секірді. Your mum said you were up here. – Мамаң сені осында, жоғары жақта болды деді. The sun was already up when they set off. – Олар жолға шыққанда күн көтеріліп қойған еді. They live up in the mountains. – Олар жоғарыда, тауда тұрады. It didn't take long to put the tent up. – Шатыр тіккенге пәлендей уақыт кетпеді. You look nice with your hair up. – Шашың тікірейсе, жақсы көрінеді екенсің. Lay the cards face up on the table. – Карталарды жоғары қарата столға қой. Up you come!Әуппа! (сәбиді көтеріп алғанда айтылады) ♦Two men were up on the roof, repairing a leak. – Екі адам жоғарыда, шатырда тесікті жөндеп жатты. I pinned the notice up on the wall. – Хабарламаны қабырғаның жоғар(ғ)ы жағына қададым. She tries to stay under water but she floats back up. – Ол/ Оның судың астында болғысы келгенімен, (бәрібір) судың үстіне қалқып қайта шығады. 2.жоғары деңгейге/ деңгейде, жоғары ♦She turned the volume up. – Ол дыбысты қаттырақ етіп қойды. Prices are still going up. – Бағалар әлі өсуде. United were 3-1 up at half-time. – Юнайтед үзіліске қарай 3-1 (үш те бір) есебімен ұтып жатты. The wind is getting up. – Жел күшейе түсуде. Sales are well up on last year. – Сауда былтырға қарағанда біршама өскен. 3.тура/ дәл бір жерге, тсс ♦A car drove up and he got in. – Машина жанына келгенде, ол мінді. She went straight up to the door and knocked loudly. – Ол тура есікке барды да қатты тоқылдатты. 4.төсекке жатпаған, ұйықтамаған ♦I stayed up late last night. – Түннің біраз уақытына дейін жатпадым. ♦(BrE) He's up and about again after his illness. – Ауруынан жазылған соң ол қайта шапқылап жүр. 5.үлкен/ маңызды жерге/ жерде ♦We're going up to New York for the day. – Бір күнге Нью-Йоркке бармақпыз. ♦(BrE, formal) His son's up at Oxford. – Оның ұлы Оксфорд университетінде (оқиды). 6.солтүстікке, жоғарыға; бірн-ң солтүстігінде ​♦They've moved up north. – Олар солтүстікке көшті. We drove up to Inverness to see my father. – Әкемді көрі үшін солтүстікке, Инвернеске машинамен бардық. I'm up there almost every other weekend. – Ол жаққа аптаның аяғында барып тұрамын. Up here in Liverpool things are different. – Бұнда, Ливерпулде жағдай өзгеше. 7.толық(тай), толығымен ♦We ate all the food up. – Тамақтың түгін қалдырмай жеп қойдық. The stream has dried up. – Жылға кеуіп кетіпті. 8.бітіретін, жабатын ♦I have some paperwork to finish up. – Біраз жазатын қағазым бар. Do your coat up; it's cold. – Үст киіміңді ки; суық. 9.паршалап, паршалай, бөлшектей ♦She tore the paper up. – Ол қағазды жыртып-жыртып тастады. They've had the road up to lay some pipes. – Құбыр төсеу үшін жолдың үстін бұзды. How shall we divide up the work? – Жұмысты (өзара) қалай бөлеміз? 10. (ұйымды, тб) құру; мүлкін жию, тсс ♦The government agreed to set up a committee of inquiry. – Үкімет тергеу комитетін құруға келісті. She gathered up her belongings. – Ол керек нәрселерін жиды. 11. ​(уақыт, мезгіл, ж) бітті, аяқталды ♦Time's up. Stop writing and hand in your papers. – Уақыт бітті. Жазуды тоқтатып, қағаздарыңды бер. 12. (informal) бірнәрсе болып жатыр дег мағ ♦I could tell something was up by the looks on their faces. – Олардың түрлеріне қарап бірнәрсенің болып жатқанын сездім. What's up? – Қалай жағдай?/ Не болып жатыр?/ Қалайсың(ыз)? What's up with him? He looks furious. – Оған не болған? Ашулы ғой. Is anything up? You can tell me. – Не болды? Маған айта бер. 13.болайын/ істейін/ талқыланайын деп жатқан, тб ♦Next up in our top ten is a new release by Ariana Grande. – Енді үздік ондығымызда/ топ ондықта Арина Гранденің жаңа әнін талқылмаймыз. Up after the break we will be introducing our mystery guest! – Үзілістен соң құпия мейманымызды таныстыратын боламыз. 14. (idm) *be up to smb ​біреудің міндеті/ жауапкершілігі болу; біреудің ісі/ шаруасы болу ♦It's not up to you to tell me how to do my job. – Жұмысымды қалай істеу керектігін маған айтпай-ақ қой. Shall we eat out or stay in? It's up to you. – Асымызды сыртта ішеміз бе, жоқ іште ме? Өзің(із) білесің(із). *not be up to much ​(BrE) сапасы нашар болу; онша жақсы болмау ♦His work isn't up to much. – Жұмысы онша емес. *up against smth ​(informal) қиындыққа кезіккен; қарсылыққа кезіккен ♦Teachers are up against some major problems these days. – Мұғалімдер бүгіндері кейбір қиын проблемаларға кезігуде. She's really up against it. – Ол бір қиын жағдайда. *up and down a) жоғары-төмен қозғалған ♦The boat bobbed up and down on the water. – Қайық суда жоғары-төмен толқыды. b) ерсілі-қарсылы, әрі-бері ♦She was pacing up and down in front of her desk. – Ол столының алдында ерсілі-қарсылы жүріп жатты. c) кейде жақсы, кейде жаман, бірде/ біресе жақсы, бірде/ біресе жаман ♦My relationship with him was up and down. – Онымен арақатынасым біресе былай, біресе олай еді. d) ​​(NAmE, informal) ант ішейін, рас/ шын айтамын *up and running ​(компьютер жүйесі, тб ж) істейтін; қолданыстағы ♦By that time the new system should be up and running. – Ол уақытта жаңа жүйе істеп жататын болады. *up before smb/smth билік орындарына ісін қарауға/ тыңдауға келу ​♦He came up before the local magistrate for speeding. – Қатты айдағаны үшін ол жергілікті кеңеске/ магистратқа барды. *up for smth a) (сатуға, тб) ұсын(ыл)ған ♦The house is up for sale. – Үй сатылады./ Үйді сатады. b) кандидат ретінде сайлауға түсейін деп жатқан ♦Two candidates are up for election. – Екі кандидат сайлауға түседі. c) ​​(informal) белгілі бірнәрсеге қатысатын/ қатысқысы келетін ♦We're going clubbing tonight. Are you up for it? – Кешке клубқа барамыз. Барасың ба? *up there ​(informal) ең жақсы/ жаман, маңызды, тб ♦It may not have been the worst week of my life but it's up there. – Өмірімдегі ең жаман апта осы емес шығар, алайда өте қиын болды. OK, it's not my absolute dream, but it's up there. – Жә, бұл менің ең ақтық арманым емес, алайда соған ұқсап тұр. *up to smth a) пәлен санға/ мөлшерге, тб дейін ♦I can take up to four people in my car. – Машинама төрт адамға шейін сыяды. The temperature went up to 35°C. – Температура 35°C-қа шейін көтерілді. b) (also up until smth) дейін, шейін ♦Read up to page 100. – 100-інші бетке дейін оқы(ңыз-дар). Up to now he's been very quiet. – Осы уақытқа шейін ол тіпті үндемеді. c) пәлендей жақсы/ биік ♦Her latest book isn't up to her usual standard. – Оның кейінгі кітабы бұрынғыларындай жақсы емес. d) (also up to doing smth) шамасы келетін, қабілеті жететін/ сай, лайықты ♦He's not up to the job. – Оның жұмысқа шамасы келмейді/ жетпейді. I don't feel up to going to work today. – Бүгін жұмысқа баруға шамам жоқ. e)​ ​(informal) бірдеңе істеп жүрген ♦What's she up to? – Ол не істеп жүр? What've you been up to? – Не істеп жүрсің(із)? I'm sure he's up to no good. – Ішім сезеді, ол бірдеңені бүлдіріп жүр. B.prep 1.жоғарыға, үстіге; жоғарыда, үстіде ♦She climbed up the flight of steps. – Ол басқышпен жоғары көтерілді. The village is further up the valley. – Ауыл жоғарыда, аңғарда/ алқапта. 2. (жолдың, көшенің) бойында, әрірек ♦We live just up the road, past the post office. – Біз осы жолмен әрірек, пошта үйінен кейін тұрамыз. 3.өзеннің бас жағына ♦a cruise up the Rhine – Рейнемен жоғары саяхаттау 4. (idm) *​up and down smth ​әрі-бері, бір жаққа, сосын екінші жаққа ♦I looked up and down the corridor. – Коридордың бір шетіне, сосын екінші шетіне қарадым. *up yours! ​(taboo, offensive, slang) өте дөрекі, жаман сөз C.adj 1.жоғарыға/ үстіне/ үстіге бағытталған ♦an up stroke – әуелей соққы the up escalator – үстіне/ үстіге/ жоғарыға баратын эскалатор 2. (informal) жайдары; шат, (қуаныштан) толқыған ♦The mood here is resolutely up. – Бұнда бәрі мәз-майрам. 3. (компьютер жүйесі ж) істеп жатқан ♦Our system should be up by this afternoon. – Жүйеміз түстен кейін істеуі/ істей бастауы керек. D.v 1. ∼ and… (informal or humorous) кенет қимылдау/ істеу ♦He upped and left without telling anyone. – Ол ешкімге айтпастан кетіп қалды. 2. ∼ smth (бағаны, мөлшерді) өсіру, арттыру (syn: raise) ♦The buyers upped their offer by £1 000. – Сатып алушылар ұсыныстарын £1 000-қа арттырды. 3. (idm) *raise/up the ante [қ-з: raise (А16)] *up your game (informal) (спортта) ойынын жақсарту ♦She's really upped her game since she joined the tennis club. – (Осы) теннис клубына қосылғалы бері ол шынымен де ойынын жақсартты. *up sticks (BrE) (NAmE pull up stakes) ​(informal) [қ-з: pull (А16)] E.n (idm) *on the up өсуде, артуда, өсе/ арта түсуде ♦Business confidence is on the up. – Іскерлік сенім(ділік)/ белсенділік артуда/ арта түсуде. *on the up and up (informal) a) ​(BrE) табысы арта түсуде, табысты бола түсуде ♦The club has been on the up and up since the beginning of the season. – Жаңа сезон/ маусым басталғалы бері клуб табысты ойнауда. b) (NAmE)(also on the level) адал, шыншыл; заңды (syn: above board) ♦The offer seems to be on the up and up. – Ұсыныс өте дұрыс сияқты. *ups and downs жақсы мен жаман аралас, біресе жоғары/ жақсы, біресе төмен/ нашар ♦Every business has its ups and downs. – Әр бизнестің/ кәсіптің сәтті-сәтсіз кездері болады.

​​up- [ʌp] prefix жоғарырақ; үстіне; жоғары(ға) ♦upland, upturned, upgrade, uphill