update [ˌʌpˈdeɪt] A.v 1. ∼ smth жаңарту, жетілдіру, жақсарту ♦an updated version of the app – комп-к программаның жаңарған версиясы ♦It's about time we updated our software. – Комп-к программамызды жаңартатын уақыт болды. 2.соңғы хабарды айту, тың/ кейінгі/ соңғы дерек беру; деректі жаңалау (syn: bring up to date) ♦∼ smb I'll be updating you shortly. – Сәлден соң сізге соңғы хабарды айтамын. ♦∼ smb on smth I called the office to update them on the day's developments. – Кеңсеге/ Офиске телефон шалып, оларға соңғы хабарды айттым. ♦∼ smth The site tells you when the information was last updated. – Сайт информацияның соңғы рет қашан жаңаланғаны туралы мәлімет береді. ♦Our records are regularly updated. – Дерегіміз үнемі/ ылғи жаңарып тұрады. ♦Data is automatically updated on a daily basis. – Дерек күн сайын жаңаланады. ♦∼ smth with smth The files are constantly updated with new information. – Файлдер жаңа деректермен жаңаланып отырады. B.n 1.соңғы хабарлар/ жаңалықтар, тың/ кейінгі деректер/ мәліметтер ♦They will send you regular updates by email. – Олар саған/ сізге имейлмен соңғы деректерді жөнелтіп отырады. ♦a news/weather update – соңғы жаңалықтар/ ауа-райы жайлы тың дерек ♦∼ on smth Now let's get an update on our other big story of the day. – Бүгінгі ең ірі оқиға жайлы тың деректермен танысалық. ♦The police will give an update on the progress of the investigation tomorrow. – Полиция ертең тергеудің барысы жайлы тың дерек айтады. ♦The committee agreed to provide an update on the situation at the school. – Комитет мектептегі жағдай туралы тың дерек беруге келісті. ♦Stand by for an update from our White House correspondent. – Ақ үйдегі тілшіміздің тың деректерін тыңдауға әзір болыңыз. 2. (computing) (комп-к программадағы) жақсарту, жаңалау, жетілдіру ♦software updates – комп-к программадағы жаңартулар ♦How do I get myself set up to receive automatic updates? – Автомат(ты) жаңартуларды алып отыру үшін қайтейін? ♦We recommend checking for security updates regularly. – Қорғау программаларындағы жаңартуларды тексеріп отыруға кеңес береміз. ♦I downloaded the latest updates. – Тың/ Кейінгі жаңартуларды жүктедім. ♦∼ to smth the most recent update to the software – комп-к программаның ең тың жаңаруы