upright [ˈʌpraɪt] A.adj 1. (кісінің денесі ж) тік, тіп-тік ♦Try to maintain an upright posture while doing this exercise. – Осы жаттығуды тік қалпың(ыз)да істеуге тырыс(ыңыз-дар). ♦a fully upright posture – толықтай тік тұрған қалып ♦Gradually raise your body into an upright position. – Бірте-бірте денеңді тікте. 2.тік (вертикальный) ♦Keep the bottle upright. – Шишаны/ Бөтелкені тік ұста. ♦an upright vacuum cleaner – тік (қалпында қолданатын) шаңсорғыш 3.арлы, ұяты бар, абыройлы, тура(шыл), ар-ожданы бар, моральдық принциптерге адал (syn: upstanding) ♦an upright citizen – (ұяты) таза адам 4. (idm) *sit/stand bolt upright қақия/ тіп-тік отыру/ тұру B.adv тік, тіп-тік ♦She sat upright in bed. – Ол төсекте тік/ қақия отырды. ♦He managed to pull himself upright. – Ол еңсесін/ денесін тіктей алды. C.n 1.қазық, сырық, баған, тіреу 2. (also upright piano) пианино