upset A.adj [ˌʌpˈset] 1.ренжіген, өкпелеген, ренішті, қапа болған, күйінген, қамыққан, жабыққан, көңілі түскен ♦I understand how upset you must be feeling. – Ренішің(із)ді/ Өкпең(із)ді  ұғамын. ♦∼ about/at/over smth There's no point getting upset about it. – Осыған бола ренжудің жөні жоқ. I was upset at missing all the excitement. – Қызықтан құры қалғаныма қамықтым. ♦∼ (that)… She was upset that he had left without saying goodbye. – Оның (еркектің) қоштаспастан кеткеніне ол (әйел) ренжіді/ өкпеледі. ♦∼ with smb I think she may be a bit upset with you. – Ол саған аздап ренжіп/ өкпелеп қалған сияқты. 2. an upset stomach асқазанның/ іштің бұзылуы (лоқсу не іш өту) ♦I've been off work with an upset stomach. – Ішім ауырып жұмысқа шықпадым. B.v [ʌpˈset] (pt, pp upset) 1.ренжіту, өкпелету, күйіндіру, қамықтыру, жабықтыру, қапаландыру, қапа ету, көңілін түсіру (syn: distress) ♦∼ smb/yourself This decision is likely to upset a lot of people. – Бұл шешімге талай адам ренжір. Try not to let him upset you. – Оған өзіңді ренжіткізбе., Ол сенің көңіліңді түсірмесін. Don't upset yourself about it - let's just forget it ever happened. – Бұған бола ренжіме – бұны біржола(та) ұмыталық. He had clearly been upset by the incident. – Болған нәрсеге ол біршама ренжіді. it upsets smb that… It upset him that nobody had bothered to tell him about it. – Ешкімнің бұ жайында өзіне айтпағанына ол ренжіді. 2. ∼ smth жоспарды/ ахуалды бұзу/ бүлдіру ♦He arrived an hour late and upset all our arrangements. – Ол бір сағат кешігіп, жоспарымыздың бәрін бұзды. 3. upset smb’s stomach асқазанын/ ішін бұзу (жүрегін айныту, лоқсыту, ішін өткізу) 4. ∼ smth (байқамай ұрып/ соғып/ қағып/ түртіп) төңкеру, құлату, жығу ♦She stood up suddenly, upsetting a glass of water. – Ол кілт/ тез тұрғанда, бір стакан суды қағып құлатты. 5. (idm) *upset the apple cart біреуді қинау, ауыртпалық жасау, біреудің жоспарын, тб бұзу/ бүлдіру C.n [ˈʌpset] 1.қиындық, ауыртпалық, ауыр/ қиын жағдай, проблема ♦The company has survived the recent upset in share prices. – Компания жуырда болған акцияларға қатысты қиындықты еңсерді. His health has not been improved by all the upset at home. – Үйдегі қиын жағдай оның денсаулығын жақсартпады. 2. (спорттағы) күтпеген/ ойламаған жеңіс, осал ойыншының/ команданың мықтыны жеңуі ♦There was a major upset when the young skater took the gold medal. – Жас конькиші алтын медаль алып, жұрттың жағасын ұстатты/ жұртты аң-таң етті. 3.асқазанның/ іштің бұзылуы (жүрек айну, лоқсу не іш өту) ♦a stomach upset - асқазанның/ іштің бұзылуы/ ауруы 4.реніш, өкпе(леу), ренжу, қапа болу, қамығу, жабығу, күйіну, кею ♦It had been the cause of much emotional upset. – Қатты реніштің себебі осы болды.