urge [ɜːdʒ] A.v 1. (қиыла) өтіну, кеңес беру, үндеу, жалыну ♦∼ smb to do smth If you ever get the chance to visit this place, I strongly urge you to do so. – Ол жерге баратын мүмкіндігің(із) туса, міндетті түрде барғын/ барыңыз дер едім. ♦Police are urging anyone who saw the accident to contact them immediately. – Полиция оқиғаны көрген адамдарды жедел хабарласуды өтінуде. ♦She urged him to stay. – Ол оған қал деп өтінді/ жалынды. ♦I urge people to vote yes on May 5. – Бесінші мамырда азаматтарды «иә» деп дауыс беруге шақырамын. ♦The charity urged the government to reconsider its decision. – Мейірім қоры үкіметтен шешімді өзгертуді өтінді. ♦The authorities urged residents to stay indoors. – Билік орындары тұрғандардың іште қалуын өтінді. ♦∼ smth The situation is dangerous and the UN is urging caution. – Жағдай – қауіпті, сондықтан БҰҰ сақ/ абай болуға үндеуде. ♦EU foreign ministers urged an independent inquiry into allegations of human rights violations. – ЕО сыртқы істер министрлері адам хақтары бұзылды деген әңгімелерді дербес тексеруге шақырды. 2. ∼ smb/smth (formal) (адамды не жануарды алға) итермелеу, түрту, айдау, шүулеу ♦He urged his horse forward. – Ол атын алға айдады/ жүргізді/ айдай тебінді. 3. (phr v) *urge smb on (біреуге) дем беру, құлшындыру ♦She could hear him urging her on as she ran past. – Жүгіріп өткен кезде ол (әйел) өзіне оның (еркектің) дем берген/ құлшындырған дауысын естіді. B.n құлшыныс, қалау ♦∼ to do smth I had a sudden urge to hit him. – Кенет оны бір қойғым/ бір-ақ ұрғым келді/ келіп кетті.