blink [bliŋk] A.v 1.(көз ж) жыпылықта(т)у (көзін қайта-қайта жұмып-ашу), кірпік/ көз қағу ¨He ~ed in the bright sunlight. – Ол күн жарығына қарай алмай көзін жыпылықтатты. 2.жылтырау, жымыңдау, жылтылдау, жылт-жылт ету ¨harbour lights ~ing on the horizon – көкжиекте жымыңдап көрінген айлақ оттары 3. (idm) *to ~ the fact (… that) көз жұмбайлық жасау, мәселені ескерусіз қалдыру ¨You can’t ~ the fact that the country’s economy is suffering. – Елдің экономикасының күйзелісте екенін байқамау мүмкін емес. 4. (phr v) *~ smth away/back (көз жасын, тб) білдірмеу, сол үшін көзін жыпылықтату ¨Though clearly upset, she bravely ~ed back her tears. - Қанша күйінсе де ол кірпігін қаққылап ештеңе білдірмеді. B.n 1.(көз ж) жыпылықта(т)у, кірпік/ көз қағу 2.жылтыраc, жымың, жылтыл, жылт-жылт ету 3.(idm) *the ~ of an eye қас қағым сәт *on the ~ дұрыс істемейтін, бұзық ¨The washing machine is on the ~. – Кір жуғыш машина дұрыс істемей тұр.