used 1 [juːst] adj үйренген, көндіккен, таныс, білетін ♦∼ to doing smth I'm not used to eating so much at lunchtime. – Түскі ас кезінде тамақты соншама көп ішпеймін. ♦∼ to smb/smth doing smth He was used to people asking him for autographs. – Ол өзінен жұрттың автограф сұрағанына үйренген. I'm used to things going wrong in my life. – Өмірімдегі қилы кезеңдерге үйренгенмін. I'm so used to answering this question, sometimes it's automatic. – Осы сұраққа жауап беріп үйренгенім сонша(ма), кейде (жауап) өзінен-өзі/ автоматты түрде шығады. ♦∼ to smb/smth I found the job tiring at first but I soon got used to it. – Алдында жұмыстан шаршайтынмын, кейін үйреніп кеттім. She had gradually grown used to him. – Бара-бара ол (қыз) оған (жігітке) үйреніп кетті.

used 2 [juːzd] adj (біреу) пайдаланған, қолданған, пайдаланылған, қолданылған, қолданыста болған (syn: second-hand) ♦used cars – пайдаланған/ көне машиналар used books/equipment – пайдаланған кітаптар/ жабдық a used teabag – пайдаланған шай қалташасы/ пакетигі