usual [ˈjuːʒuəl; ˈjuːʒəl] adj 1.жалпы, қалыпты, әдеткі, әдеттегідей, күндегідей, баяғыдай, негізі (syn: normal) ♦This is the usual way of doing it. – Жалпы/ Әдетте/ Негізі осылай істейді. He came home later than usual. – Ол үйге әдеткісінен/ күндегісінен кеш келді. He didn't sound like his usual happy self. – Ол күндегідей/ баяғыдай емес, жабырқау көрінді. She sat in her usual seat at the back. – Ол артта, өзінің күндегі/ баяғы орнында отырды. You need to enter all the usual stuff - name, address, credit card details. – Сол баяғы мәліметті енгізуің керек – аты-жөн, адрес, кредит кард деректері. Our usual practice is to ask for references from previous employers. – Жалпы жұмыс дағдысына/ практикасына сай, бұрынғы жұмыс орындарынан мінездеме сұраймыз. She made all the usual excuses. – Ол әдетінше/ баяғысынша сылтау(лар) айтты. ♦∼ for smb/smth This weather is not usual for this time of year. – Жалпы жылдың осы уақытында мұндай ауа-райы болмайтын. it is to do smth It is usual to start a speech by thanking everybody for coming. – Сөзді әдетте әркімге келгені үшін рахмет айтып бастайды. it is for smb/smth to do smth It is not usual for a head of government to attend a meeting like this. – Жалпы/ Әдетте үкімет басшысы мұндай жиындарға қатыспаушы еді. 2. the n (informal) әдеткі нәрсе, күнде істейтін нәрсе (м: күнде ішетін шай) 3. (idm) *as per normal/usual ​(informal) баяғысынша, баяғыдай, әдеткідей ♦Everyone blamed me as per usual. – Баяғыша әркім мені кінәлады. *as usual әдеткідей, баяғыша, әдетінше, жалпы ♦Steve, as usual, was the last to arrive. – Стив әдетінше/ әдетінен жаңылмай кеш келді. As usual at that hour, the place was deserted. – Жалпы ол уақытта ол жерде ешкім болмады. Despite her problems, she carried on working as usual. – Қиындықтарға қарамастан ол әдетінше/ баяғысынша жұмысын жалғастыра берді. Despite the problems staff arrived for work as usual. – Қиындықтарға қарамастан қызметкерлер жұмысқа қалыпты уақытта келді. *business as usual жұмыс сол қалпында/ баяғысынша ​♦Less than a week after the fire it was business as usual. – Өрттен кейін бір аптадан аз уақыт өтсе де, іс қалпынша/ баяғысынша жалғасты. *the usual suspects [қ-з: suspect (В2)]​