valid [ˈvælɪd] adj 1.жарамды, заңды күші бар ♦Do you have a valid passport? – Жарамды паспортыңыз бар ма? ♦He bought a bus pass valid for one month. – Ол бір айға жарамды автобус билетін (проездной) сатып алды. ♦They have a valid claim to compensation. – Олардың өтемақы талап етуі – заңды. 2.орынды, қисынды, жөнді, ақылға қонымды ♦She had valid reasons for not supporting the proposals. – Ұсыныстарды қолдамауға оның нақты себептері болды. ♦The point you make is perfectly valid. – Сөзіңіз – өте орынды. ♦That argument is not strictly valid in this case. – Бұл дәлел/ уәж осы істе дәл/ тура жарамды емес. 3. (computing) жарамды, жүйе қабылдайтын (opp: invalid) ♦a valid password – жарамды пароль