valuable [ˈvæljuəbl] adj 1.бағалы, қымбат, құнды, көп ақша тұратын (opp: valueless, worthless) ♦My home is my most valuable asset. – Үйім – ең қымбат байлығым/ дүнием. ♦valuable resources – бағалы ресурстар ♦valuable antiques –құнды/ бағалы антиквариаттар ♦Luckily, nothing valuable was stolen. – Әйтеуір, бағалы ешнәрсе ұрланбапты. 2.өте пайдалы, өте құнды/ бағалы ♦a valuable experience/lesson – өте пайдалы оқиға/ сабақ ♦You should gain some valuable insights into the world of business. – Бизнес әлемінің ішкі қыр-сыры туралы көп нәрсе білуің(із) қажет. ♦∼ to smb/smth documents that are enormously valuable to historians – тарихшылар үшін аса құнды документтер ♦The book provides valuable information on recent trends. – Кітапта қазіргі трендтер/ беталыстар жөнінде өте пайдалы информация бар. ♦He had already made a valuable contribution to economic theory. – Ол экономика теориясына өте пайдалы үлес қосып қойған еді. ♦This advice was to prove valuable. – Бұл кеңес кейін өте пайдалы болып шығады. ♦Spinach is a valuable source of iron. – Саумалдық/ Шпинат - өте бағалы темір көзі. ♦∼ for smb/smth The data will be extremely valuable for medical research. – Бұл дерек медициналық зерттеу үшін өте пайдалы болады. ♦a simple blood test that is very valuable in the management of diabetes – диабетпен айналысқандағы өте пайдалы әшейін/ жай қан тестісі/ сынағы