valuation [ˌvæljuˈeɪʃn] n 1.бағалау, құнын/ бағасын есептеу/ анықтау ♦Surveyors carried out a valuation of the property. – Тексерушілер үй-жайдың құнын бағалады/ есептеді. ♦Experts set a high valuation on the painting. – Эксперттер картина құнын жоғары бағалады. ♦land valuation – жерді бағалау/ жер құнын есептеу 2. (formal) бағалау, мән беру ♦She puts a high valuation on trust between colleagues. – Әріптестер арасындағы сенімге ол зор мән береді.