value [ˈvæljuː] A.n 1.баға, құн ♦to go up/rise/increase in value – бағасы/ құны өсу/ ұлғаю/ арту ♦to go down/fall/decline in value – бағасы/ құны түсу/ төмендеу/ құлдырау ♦rising property values – артып жатқан үй-жай бағасы ♦The value of the shares has continued to fall. – Акция бағалары төмендеуін жалғастырды. ♦to the ∼ of smth The winner will receive a prize to the value of £1 000. – Жеңімпаз құны £1 000 болатын жүлде алады. ♦of ∼ Don't leave anything of value in the car. – Машинада ешбір құнды нәрсе қалдырма(ңыз). 2. (especially BrE) құнына/ бағасына лайықтылық/ сайлық/ татитындық ♦to be good/great value – құнына (өте) сай болу ♦to be bad/poor value – құнына татымау, құнына сай келмеу (яғни, алған заттың нашар болуы) ♦Larger sizes give the best value for money. – Үлкен көлемдер/ размерлер құнына татиды. ♦The hotel gives value for money. – Қонақ үйдің бағасы дұрыс. ♦They're only £40 - not bad value, really. – Олар небәрі £40 тұрады – шынымен де жақсы баға. ♦This great value-for-money offer is only available to society members. – Бұл жақсы бағалар тек қоғам/ ассоциация мүшелері үшін ғана. 3.пайда(лылық), маңыздылық, тиімділік (syn: benefit) ♦The value of regular exercise should not be underestimated. – Ұдайы/ Тұрақты дене шынықтырудың пайдасын азырқануға болмайды. ♦She placed a high value on loyalty. – Ол адалдыққа үлкен мән берді. ♦of ∼ He didn't say anything of value. – Ол пайдалы/ құнды ешнәрсе айтпады. ♦of ∼ to smb The arrival of canals was of great value to many industries. – Каналдардың тартылуы/ салынуы талай өнеркәсіп/ өндіріс/ индустрия үшін өте пайдалы болды. ♦to be of little/no value to somebody – біреу үшін пайдасы аз/ пайдасыз болу ♦∼ to smb The library's value to the community is enormous. – Қауым үшін кітапхананың пайдасы/ мәні өте зор. ♦This ring has great sentimental value for me. – Бұл - мен үшін естелік жүзік. ♦I suppose it has a certain novelty value. – Бұнда бір жаңашылдық бар деп ойлаймын. ¨food with a high nutritional value – нәрлі тағам ♦The story has very little news value. – Әңгімеде пәлендей жаңалық/ дерек жоқ. 4. ∼s дәстүр, салт-дәстүр, наным(дар), сенім(дер), құнды/ қастерлі дүниелер, құндылықтар ♦We need to be guided by our moral values. – Бізді ар-ожданымыз жетелесін. ♦a return to traditional values in education, such as firm discipline – қатаң тәртіп сияқты көне дәстүрлердің оралуы ♦The school's core values include the ability to work with others. – Мектептің орныққан дәстүрлерінің ішінде басқалармен жұмыс істеу бар. ♦The young have a completely different set of values and expectations. – Қазіргі жастардың түсінігі мен мақсат-мұраты - мүлде басқаша. 5.шама (әріп түрінде белгіленген/ берілген сан) (величина, значение) ♦Let y have the value 33. – У 33-ке тең делік. B.v 1.бағалау, қадірлеу, қадірін/ бағасын ұғу ♦∼ smb/smth He has come to value her advice and support. – Ол (еркек) оның (әйелдің) кеңесі мен қолдауын бағалайтын/ қадірлейтін/ ұғатын болды. ♦They don’t seem to value honesty very highly. – Олар адалдықты онша ұқпайтын/ бағаламайтын/ қадірлемейтін сияқты. ♦∼ smb/smth as smth I really value him as a friend. – Оны дос ретінде шынымен де қадірлеймін/ бағалаймын. ♦∼ smb/smth for smth The area is valued for its vineyards. – Бұл тұс жүзімдіктерімен белгілі/ әйгілі. ♦She's a valued member of staff. – Ол – бағалы қызметкер. 2.бағасын/ құнын есептеу, бағалау ♦be valued at smth The property has been valued at over $2 million. – Үй-жайдың құнын $2 миллионнан асады деп бағалады. ♦get smth valued You should get the painting valued. – Картинаның құнын бағалатуың(ыз) керек.