vanish [ˈvænɪʃ] v 1. (кенет) жоғалып кету, ғайып болу ♦He turned around and vanished into the house. – Ол бұрылды да үйге кіріп кетті. ♦The magician vanished in a puff of smoke. – Сиқыршы будақ түтіннің арасында ғайып болды. ♦My glasses seem to have vanished. – Көзәйнегім жоғалып кеткендей. ♦He vanished without trace. – Ол ұшты-күйлі жоқ болды. ♦(ауысп мағ) the vanishing woodlands of Europe – Европаның жоғалып бара жатқан орманды алқаптары. ♦(ауысп мағ) All hopes of a peaceful settlement had now vanished. – Бейбіт келісімге келмек үміттің бәрі ғайып болды. ♦(ауысп мағ) All thoughts of leaving vanished from his mind. – Кету туралы ой оның санасынан ғайып болды. 2. (idm) *disappear/vanish off the face of the earth мүлде ғайып болу/ жоғалу, ұшты-күйлі жоғалу/ ғайып болу ♦Keep looking - they can't just have vanished off the face of the earth. – Қарай/ Іздей бер(гін) – олар жоғалып куеткен жоқ шығар. *disappear, vanish, etc. into thin air [қ-з: thin (А11)] *do, perform, stage a disappearing/vanishing act (informal) (керек кезде) кетіп қалу, жоғалып кету ♦The cat had done a disappearing act. – Мысық бір жаққа жоғалыпты.