vanity [ˈvænəti] n (pl -ties) 1. (disapproving) өркөкіректік, мақтаншақтық, паңдық, менмендік ♦She had no personal vanity. – Ол әдемімін деп мақтанбайтын. ♦The invitation to head the committee flattered his vanity and he agreed. – Комитетті басқару туралы ұсыныс оған жағып, ол келісті. ♦No doubt the idea appealed to his vanity. – Идеяның/ Ойдың оған жаққанына шүбә жоқ. 2. (literary) маңызды еместік, елеусіздік, елеулі еместік ♦the vanity of human ambition in the face of death –адамның асқақ арманының өлім алдында елеусіздігі 3. vanities атаққұмарлық, даңғойлық, мансапқорлық, даңққұмарлық, менменшілдік ♦Politics is too often concerned only with the personal vanities of politicians. – Саясатта жұрт назарына көбінесе саясаткерлердің жеке басының даңғойлығы түседі. 4. (also vanity table) = dressing table