vary [ˈveəri; ˈværi] v 1. (бір-бірінен) өзгеше болу, басқаша/ бөлекше болу, түрліше болу, әркелкі/ әртүрлі болу ♦New techniques were introduced with varying degrees of success. – Енгізген жаңа техникалар түрліше табысты болды. Estimates of how many civilians were killed varied widely. – Қанша бейбіт тұрғынның қаза болғаны туралы әртүрлі/ әркелкі дерек болды. Class size varies greatly. – Кластағы/ Сыныптағы оқушылар саны – әркелкі. ♦∼ in smth The students' work varies considerably in quality. – Оқушылардың/ Студенттердің жұмыстары сапа жағынан - әркелкі. The rooms vary in size. – Бөлмелердің көлемі – әркелкі. There are a number of routes to the summit, with varying levels of difficulty. – Таудың шыңына баратын бірнеше жол бар – қиындығы жағынан әркелкі. 2.өзгеру, түрліше/ әркелкі болу, түрлену ♦∼ with smth The menu varies with the season. – Меню жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. ♦∼ from smb/smth to smb/smth Results can vary greatly from year to year. – Нәтижелер жылдан жылға өзгеріп/ әркелкі болып отырады. Pulse rates vary slightly from person to person. – Пульс/ Жүрек соғысы адамнан адамға сәл өзгеріп отырады. ♦∼ between A and B Class numbers vary between 25 and 30. – Әр класта/ сыныпта 25-тен 30-ға дейін оқушы бар. Costs are likely to vary depending on where you live. – Тұратын жеріңізге қарай бағалардың өзгеруі мүмкін. ‘What time do you start work?’ ‘It varies.’ – «Жұмысты (күнделікті) қаншада бастайсың(ыз)?» «Әр уақытта». ♦∼ according to smth Prices vary according to the type of room you require. – Өзіңізге қажет бөлмеге қарай баға (тиісінше) өзгеріп отырады. 3. ∼ smth өзгерту, өзгеше/ басқаша ету ♦The job enables me to vary the hours I work. – Жұмыс уақытын өзгертіп отырсам болады. The aerobics instructor varies the routine each week. – Аэробика мұғалімі апта сайын жаттығуды өзгертіп отырады. Consumers may apply to the lender to vary the terms of their contract. – Клиенттер кредитормен хабарласып, өз контрактісінің шарттарын өзгертсе болады. Drivers need to take note of the weather conditions and vary their speed accordingly. – Жүргізушілер ауа-райы жағдайын ескеріп, жылдамдықты тиісінше өзгертуі керек. 4. (idm) *your mileage may vary (abbr YMMV) ​(informal) бір жағдайды кісілер түрліше басынан кешіруі мүмкін ♦actually love working from home, but your mileage may vary. – Басқаларын қайдам/ білмеймін, өзім (ғой) үйден жұмыс істегенді жақсы көремін. Highly recommend the company! Of course, your mileage may vary. – Мына компанияны ұсынар едім! Әрине, біреуге ұнар, біреуге ұнамас.