veer [vɪə(r)] v 1. (әсіресе көлік ж) ауытқу, кенет бұрылу, кілт бұрылу (syn: swerve) ♦The bus veered onto the wrong side of the road. – Автобус жолдың теріс жағына ауытқып кетті. ♦It is still not clear why the missile veered off course. – Ракетаның неге ауытқығаны/ қисық кеткені әлі түсініксіз. 2. (әңгіме, ой, мінез-құлық ж) ауытқу, өзгеру, басқа жаққа ауысу/ ойысу ♦The debate veered away from the main topic of discussion. – Дебат/ Талқылау негізгі тақырыптан ауытқып кетті. ♦His emotions veered between fear and anger. – Оның көңіл-күйі қорқу мен ызаның арасында ауытқыды/ толқыды. 3. (specialist) (жел ж) бағытын өзгерту, ауытқу ♦The wind veered to the west. – Жел батысқа ауытқыды/ бағытын өзгертті.