veneer [vəˈnɪə(r)] A.n 1.шпон, венир, қабық, қабыршық, бірқабатты фанер(а) (арзан ағаш материалдың бетіне желімдейтін жіңішке ағаш не пластик парақ/ лист) ♦pine, with a walnut veneer – үстіне жаңғақ шпон/ венир жапсырған қарағай (ағашы) ♦The chest is solid oak, not veneer. – Қобди – тұтас(тай) емен, венир/ шпон емес. 2. ∼ (of smth) (formal) сыртқы көрініс ♦Her veneer of politeness began to crack. – Оның сырттай әдептілігі сетіней бастады. B.v (бірн-ң үстін) шпонмен/ венирмен қаптау, үстіне венир/ шпон желімдеу/ жапсыру ♦be ∼ed with/in smth The bed was veneered with cherrywood. – Төсектің үстіне шие шпонын/ венирін жапсырған.