venture [ˈventʃə(r)] A.n бизнес жобасы, іс, кәсіп (syn: undertaking) ♦A disastrous business venture lost him thousands of dollars. – Өте сәтсіз бизнестің кесірінен ол мыңдаған доллар жоғалтты. B.v 1. бару, жүру ♦They ventured nervously into the water. – Олар жүрексіне суға кірді. ♦He's never ventured abroad in his life. – Ол өмірінде шетелде болған емес. 2. (formal) байқап/ абайлап сөйлеу/ айту ♦∼ smth She hardly dared to venture an opinion. – Ол өз пікірін айтуға жасқанатын. ♦He ventured a tentative smile. – Ол жымиған болды. ♦∼ to do smth I ventured to suggest that she might have made a mistake. – Жайлап қана оған қателескен шығарсың(ыз) дедім. ♦‘And if I say no?’ she ventured. – «Жоқ деп айтсам не болады?» деді ол абайлай. ♦∼ that… He ventured that the data might be flawed. – Дерек қате болуы мүмкін деді ол абайлап. 3. ∼ smth (on smth) (тәуекелге, қауіпке) бару, тәуекел ету; іс бастау, іске кірісу (syn: gamble) ♦It was wrong to venture his financial security on such a risky deal. – Оған өзінің қаржы жағдайына қауіп төндіретін осындай іске барып керегі жоқ еді. ♦Banks are venturing into insurance. – Банктер сақтандыру (страхование) кәсібімен айналыса бастады. 4. (idm) *nothing ventured, nothing gained (saying) табысқа жету үшін қауіпке/ тәуекелге бару керек 5. (phr v) *venture into/on smth (тәуекелге, қауіпке) бару, тәуекел ету; іс бастау, іске кірісу ♦This is the first time the company has ventured into movie production. – Бұл компанияның алғаш рет киноиндустрияға енуі.