very [ˈveri] A.adv (abbr v) 1.өте, тым, тегі, соншама ♦Very few people know that. – Оны бірнеше адам ғана біледі. ♦We have very little information at present on the incident. – Оқиға жайлы бізде аз ғана дерек бар. ♦Thanks very much. – Көп рахмет. ♦I'm not very impressed. – Көңліме тегі жақпады/ қонбады. ♦I'm very very grateful. – Өте(-мөте)/ Тегі/ Соншама ризамын. ♦Things could have been so very different. – Жағдай мүлде басқаша болар еді/ болуы мүмкін еді. ♦This is a very important part of our marketing. – Бұл маркетиңіміздің өте маңызды бөлігі. ♦very small – өте кішкентай/ аз ♦very quickly – өте тез/ шапшаң ♦‘Do you like it?’ ‘Yeah, I do. Very much.’ – «Бұны жақсы көресің(із) бе?» «Иә, өте жақсы көремін». ♦My children are still very young. – Балаларым - әлі кішкентай/ тым жас. ♦‘Are you busy?’ ‘Not very.’ – «Ісің көп пе?» «Онша емес». ♦very hard/difficult – өте қиын/ күрделі ♦very popular/happy/successful – жұртқа кең таралған/ өте бақытты/ өте табысты ♦These results are very worrying. – Бұл нәтижелер тіпті дұрыс емес. ♦We were obviously very pleased with the outcome. – Нәтижеге, әрине, өте ризамыз. ♦I find the film very upsetting to watch. – Фильм көңілді құлазытады деп ойлаймын. 2.өте, тым, ең, дәп, дәл, тсс ♦They wanted the very best quality. – Олап ең сапалысын алғысы келді. ♦Be there by six at the very latest. – Ең кеш дегенде сонда сағат алтыда бол(ғын)/ болыңыз. ♦At last he had his very own car. – Ақыры оның өз машинасы болды. ♦It's the very worst time to be trying to sell your house. – Үй сатқанға бұл өте қолайсыз уақыт/ кезең. 3. the very same дәл/ дәп осы(ндай) ♦Mario said the very same thing. – Марио (да) дәл осылай деді. B.adj 1.дәл осы, дәп осы, дәл, дәп (syn: actual) ♦He might be phoning her at this very moment. – Дәл қазір ол (еркек) оған (әйелге) телефон шалып жатқан болар. ♦The US initiated the deal for that very reason. – АҚШ дәл осы себепті ұсыныс жасады. ♦I'd intended to tell him that very day. – Дәл сол күні оған айтқым келген. ♦Those were her very words. – Ол дәп осылай деді. ♦That's the very thing I need. – Маған дәп керегі осы нәрсе. 2.ең, дәл, дәп, тсс ♦It happens at the very beginning of the book. – Бұл кітаптың ең басында болады. ♦Education is at the very top of our list of priorities. – Білім (алу) бізге қажет нәрселердің ең басында. ♦at the very end of the film – фильмнің ең соңында ♦The proposed site is in the very heart of the city. – Ұсынған жер/ тұс қаланың қақ ортасында. ♦It was clear from the very start that he was in no mood to compromise. – Ең басынан-ақ оның келіскісі келмейтіні түсінікті еді. ♦The news thrilled me to the very core of my being. – Хабар/ Жаңалық тұла бойымды тебірентті. 3. небәрі, тек ... ғана/қана, ә(н)шейін, бар-жоғы (syn: mere) ♦The very nature of its business is to secretly monitor and profile internet users' habits. – Оның негізгі жұмысы - тек интернет пайдаланушыларды құпия бақылап, олардың әдеттерін сараптау. ♦a civil war in which the very existence of the nation is in question – ұлттың тағдырының өзі бәске тігілген азамат соғысы ♦‘I can't do that!’ she gasped, appalled at the very idea. – «Өйте алмаймын!», деді ол ұсынысқа түршіге. ♦The very thought of drink made him feel sick. – Ішу туралы ойдың өзі оның жүрегіне тиді. ♦Many readers will scoff at the very notion. – Ойдың/ Идеяның өзіне көптеген оқырмандар күледі/ күлетін болады. ♦The novel captures the very essence of life in nineteenth-century France. – Роман он тоғызыншы ғасырдағы Франциядағы өмірдің өзегін көрсетеді. 4. (idm) *before/in front of smb’s (very) eyes біреудің көз алдында ♦He had seen his life's work destroyed before his very eyes. – Өз көзінің алдында өмір бойғы еңбегінің құрығанын көрді. ♦Before our very eyes, the bird snatched the fish from the plate and flew off. – Көз алдымызда құс тарелкадан балықты жымқырып, ұшып кетті.