vice [vaɪs] n 1. (секс пен есірткі/ наркотик араласқан) қылмыс, қылмысты тіршілік ♦the fight against vice on the streets – көше(лер)дегі қылмыспен күрес ♦The police have smashed a vice ring in Chicago. – Полиция Чикагодағы қылмысты топты жойды. 2.арсыздық, ұятсыздық, зұлымдық, күнә, айып, пасықтық ♦The film ended most satisfactorily: vice punished and virtue rewarded. – Фильм дұрыс аяқталды: зұлымдық/ жамандық жазаланды, ал жақсылық мадақталды. ♦Jealousy is a vice. – Қызғаныш – күнә. ♦Greed is a terrible vice. – Сараңдық – сұмдық күнә. ♦(ауысп мағ) Smoking is my only vice. – Жалғыз кемшілігім – темекі тартатыным. 3. (especially BrE) (NAmE usually vise) (екі темір бөліктен тұратын) қысқыш (тиски)
vice- [vaɪs] comb form вице-, орынбасар ♦vice-captain – вице-капитан, капитанның орынбасары