victim [ˈvɪktɪm] n 1.құрбандық; құрбан (құрбандыққа шалынған мал не адам) ♦a sacrificial victim – құрбандық, құрбандыққа шалынған мал я адам 2.жәбірленуші, жәбір көруші, жапа шегуші, азап тартушы, құрбан (қылмыстың, аурудың не оқиғаның кесірінен жараланған не өлген адам) ♦shooting victims – атыс кезінде жараланғандар/ өлгендер, атыс құрбандары ♦murder victims – кісі қолынан өлген адамдар, кісі өлтіру қылмысы құрбандары ♦flood/crash/accident victims – тасқыннан/ апаттан жапа шеккендер/ азап тартқандар, тасқын/ апат құрбандары ♦an innocent/unsuspecting victim – бейкүнә жәбірленуші/ құрбан ♦victims of crime/abuse/violence – қылмыстан/ зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер ♦(ауысп мағ) They were the victims of a cruel hoax. – Олар алаяқтарға жем болды., Олар алаяқтардың құрбаны болды. ♦(ауысп мағ) The site offers help and advice for anyone who has been the victim of a scam. – Сайт алаяқтардан жапа шеккен кез-келген адамға көмек ұсынады. ♦(ауысп мағ) Schools are the latest victims of cuts in public spending. – Мектептер кейінгі қоғамдық шығындарды кескеннен зардап шекпек. ♦(ауысп мағ) The small company became a victim of its own success when it could not supply all its orders on time. – Шағын компанияны өз табысы орға жықты, себебі, алған барлық заказдарын/ тапсырыстарын дер кезінде жеткізе алмады. 3. (idm) *fall victim (to smth) (formal) жаралану, зақымдану, алдану, тсс ♦Many plants have fallen victim to the sudden frost. – Аяқ астынан болған үсіктен талай өсімдік зақымданды.