view [vjuː] A.n 1.көрініс (табиғаттың, тб) ♦∼ of smth There were magnificent views of the surrounding countryside. – Онда төңіректегі ауылды аймақтың керемет көріністері болды. ♦Most rooms enjoy panoramic views of the ocean. – Бөлмелердің көбінен мұхиттың ауқымды/ панорамалық көріністерін көруге болады. ♦∼ from smth The view from the top of the tower was spectacular. – Мұнараның үстінен қарағандағы көрініс тамаша еді. ♦a sea/mountain view – теңіз/тау көрінісі ♦I'd like a room with a view. – (Табиғат, тб) көрінісі жақсы бөлме алғым келеді. 2.көзге көріну/ шалыну/ түсу, көрініс ♦The lake soon came into view. – Біраздан соң көл көзге шалынды. ♦The sun disappeared from view. – Күн көрінбей кетті. ♦Tensions within the band remained hidden from public view. – Топтың ішіндегі өзара шығыспаулар жұрт көзінен таса(да) болды. ♦in ∼ There was nobody in view. – Ешкім көзге түспеді/ шалынбады. ♦out of ∼ I hid in the hallway out of view. – Залда көзге түспес үшін жасырындым. ♦Sit down - you're blocking my view. – Отыр(ыңыз)шы – көре алмай жатырмын. 3.көзқарас, пікір ♦to have strong political views – берік саяси көзқарастары болу ♦∼ on smth She and I hold opposing views on the matter. – Осы мәселе бойынша оны мен менің пікірім - қайшы/ кереғар/ бөлек. ♦His views on the subject were well known. – Осы мәселедегі оның пікірі жақсы белгілі еді. ♦∼ about smth to express their views about the issue – мәселе бойынша өз пікірлерін айту/ білдіру ♦∼ that… We take the view that it would be wrong to interfere. – Кіріскен/ Араласқан қате болады деген пікірдеміз. ♦in smb's ∼view In my view it was a waste of time. – (Менің) пікірімше, бұл уақытты рәсуа ету болды. 4. ∼ (of smth) көзқарас, ұғым, түсінік ♦He has an optimistic view of life. – Ол өмірге оң қабақпен қарайды. ♦the Christian view of the world – әлем туралы христиандықтың ұғымы/ түсінігі ♦The book gives readers an inside view of political life. – Кітап оқырмандарға саяси өмірдің ішкі қыр-сырын ашады. 5. (видеоны) қарау, көру ♦His performance went viral, attracting over 8 million views on YouTube. – Оның концерті интернет арқылы тарап, YouTube-тен 8 млн рет қаралды. 6. ∼ (of smth) фотография, фотосурет; картина, сурет ♦a book with views of Paris – Париж(дің) суреттері бар кітап ♦On his visits he painted views of the town and the surrounding countryside. – Онда барған кезде ол кент пен төңірегінің суретін салатын. 7. (also viewing) көру, қарау, тамашалау 8. (idm) *a bird’s-eye view (of smth) [қ-з: bird (A)] ♦From the plane we had a bird's-eye view of Manhattan. – Самолеттен Манһәттанды алақандағыдай көре алдық. *have, etc. smth in view (formal) ойында бірнәрсе (м: жоспар, мақсат, тб) болу (syn: have smb/smth in mind) ♦He wanted to make money and went abroad with this end in view. – Ол ақша тапқысы келіп, шетелге кетті. *heave into sight/view [қ-з: heave (А5)] *in full view (of smb/smth) (жұрттың, тб) көз алдында, жұрттың алдында, көпе-көрнеу ♦He was shot in full view of a large crowd. – Оны көп адамның алдында атып кетті. *in view of smth (formal) ескере отырып ♦In view of the weather, the event will now be held indoors. – Ауа-райын ескере отырып, іс-шара енді іште өтетін болады. *on view (жұртқа) көрсетуге қойған, көрмеге қойған ♦The new discoveries will be on view in London in the spring. – Жаңа табылған нәрселерді көктемде Лондонда көрмеге қояды. ♦The carriage was put on view for the public to see. – Күймені жұртқа көрсете қойды. *take a dim view of smb/smth [қ-з: dim (А5)] *take the long view (of smth) [қ-з: long (А8)] *with a view to smth/to doing smth(formal) белгілі бір ниетпен/ мақсатпен/ үмітпен ♦He's painting the house with a view to selling it. – Ол үйді сатпақ болып әктеп/ сырлап жатыр. B.v 1.пәлендей қарау/ көру, көзқарасы/ ойы/ пікірі болу ♦∼ smb/smth How do you view your position within the company? – Компаниядағы өз қызметіңе қалай қарайсың(ыз)? ♦The plan was not viewed favourably by the public. – Жоспарды жұрт жақтырмады. ♦∼ smb/smth as smth to view something as a threat/an opportunity – бірнәрсені қауіп/ мүмкіндік көру, бірн-ге қауіп/ мүмкіндік деп қарау ♦He is widely viewed as a possible leader. – Оны жұрт болашақ жетекші/ басшы көреді., Оған жұрт болашақ жетекші/ басшы деп қарайды. ♦∼ smb/smth with smth She viewed him with suspicion. – Ол оған күдіктене қарады. ♦You should view their offer with a great deal of caution. – Олардың ұсынысына байқап қарауың(ыз) керек. 2. (formal) қарау, көру, үңілу ♦∼ smth People came from all over the world to view her work. – Дүниенің түкпір-түкпірінен жұрт оның жұмысын көру үшін келді. ♦∼ smth through smth The eclipse should only be viewed through a special lens. - Тұтылуды (күннің, айдың) тек арнайы линзамен қарау керек. ♦∼ smth from smth These paintings were meant to be viewed from a distance. – Бұл картиналарға алыстан қарау керек. ♦A viewing platform gave stunning views over the valley. – Қарайтын/ Көретін тұғырдан/ платформадан алқап керемет көрінеді. 3. ∼ smth (formal) сатып алатын үй-жайды алдын-ала көру ♦The property can only be viewed by appointment. – Үй-жайды көру үшін арнайы уақыт белгілеу керек. 4. ∼ smth (formal) (телевизор, фильм, тб) қарау, көру ♦The show has a viewing audience of six million. – Шоуды алты миллион көрермен көреді.