vigilante [ˌvɪdʒɪˈlænti] n (sometimes disapproving) «қырағы», «ерікті сақшы», виджиланте (полицияның қызметіне көңілі толмай, өз қауымында қылмысты болдырмауға, қылмыстыны жазалауға тырысатын топтың мүшесі) ♦vigilantes patrolling the streets – көшелерді күзетіп жүрген қырағылар ♦vigilante groups – қырағы топтар ♦The neighbours have formed a vigilante group to keep a watch on the car park. – Көршілер машина тұрағын күзету үшін қырағы топ құрды. ♦Two vigilantes who took the law into their own hands were cleared yesterday of murder. – Заңды өз қолына алған екі қырағыдан кеше кісі өлтірді деген айыпты алып тастады.