villain [ˈvɪlən] n 1. оңбаған, жексұрын, сұмырай, сұрқия ♦the heroes and villains of the 20th century – ХХ ғасырдың батырлары мен сұмырайлары ♦Industrialized nations are the real environmental villains. – Индустриялы елдер – табиғаттың нағыз зиянкестері. ♦He often plays the part of the villain. – Ол сұмырайлардың рөлін жиі ойнайды. 2. (informal) қылмыскер ♦The police still haven't caught the villain. – Полиция қылмыскерді әлі ұстамады. 3. (idm) *the villain of the piece (especially humorous) тыныштық бұзушы, шатақшы, бұзық ♦It’s hard to identify the real villain of the piece in this case. – Бұл істе кімнің пәлені бастағанын анықтау қиын.