virtual [ˈvɜːtʃuəl] adj 1.пәлендей дерлік, тура сондай дерлік/ деуге болатын, іс жүзінде солай (почти такой же, фактически такой) ♦The company has a virtual monopoly in this area of trade. – Компания сауданың осы саласында монополияға ие деуге болады. ♦The economy has come to a virtual standstill. – Экономиканың өсуі тоқтап қалды десе болады. ♦He married a virtual stranger. – Оны мүлде бөтен адамға үйленді десе болады. ♦The country was sliding into a state of virtual civil war. – Ел іс жүзінде азамат соғысына ойысып бара жатқан деуге болады. ♦Analysts said the deal was a virtual certainty. – Сарапшылар/ Эксперттер контрактіге қол қойылатыны сөзсіз деді. ♦She was a virtual unknown when he cast her in the film. – Ол (еркек) оны (әйелді) фильмге түсіргенде ол (әйел) мүлде белгісіз еді деуге болады. 2. (computing) виртуал(ь)ді, онлайн, жасанды (яғни, интернет арқылы) ♦a system to help programmers create virtual environments – программистерге виртуальді орта жасауға көмектесетін жүйе ♦a virtual classroom/desktop/library – виртуалді сынып бөлмесі/ десктоп/ кітапхана ♦You can also take a virtual tour of the museum. – Музейді виртуалді араласа болады. ♦Students will have more access to resources and support, both virtual and physical. – Студенттердің ресурстар мен жәрдемге қолы көбірек жететін болады; виртуальді де, физикалық та.