vision [ˈvɪʒn] n 1.көру алу(шылық); көрініс, көзге көрінетін тұс/ аумақ ♦to have good/perfect/poor/blurred/normal vision – көзі жақсы/ мінсіз/ нашар/ бұлыңғыр/ қалыпты көру ♦Cats have good night vision. – Мысықтар түнде жақсы көреді. ♦Her vision was still blurry. – Оның көзі әлі бұлдырайды/ бұлдырап дұрыс көрмейді. ♦He glimpsed something on the edge of his vision. – Көз қиығымен ол бірдеңені шалды., Көзінің қиығына бірнәрсе шалынды. 2.елестету(шілік), (ойша) көрініс, қарас, болжам, ой, идея; (болашаққа) жоспар, болжам, мақсат; қырағылық ♦∼ of smb/smth He had a vision of a world in which there would be no wars. – Ол соғыссыз әлемді ойлады. ♦The film's vision of the future is bleak. – Фильмнің болашақты көруі/ болашаққа қарасы – бұлыңғыр. ♦∼ of doing smth He harboured visions of becoming party leader some day. – Бір күні партия жетекшісі болсам деген ой оның санасында болды. ♦∼ for smb/smth These two men share a similar vision for the country. – Елдің болашағы туралы осы екі адамның пікірі бірдей. ♦He had a very specific vision for the future. – Ол келешекті басқаша көрді/ келешекке басқаша қарады. ♦She had vision and determination. – Ол қырағы әрі батыл еді. ♦a leader of vision – қырағы жетекші/ лидер ♦He's a competent politician, but he lacks vision. – Ол – тәуір саясаткер, алайда оған қырағылық жетпейді. 3.аян, түс ♦in a ∼The idea came to her in a vision. – Бұл ой оған түсінде келді/ кірді. ♦He had visions regularly. – Ол ылғи бір түстер көріп жүрді. ♦∼ of smb/smth She claimed she saw a vision of the Virgin Mary. – Ол түсімде Мәриям ана аян берді дейді. 4. a ∼ (of smth) (literary) сұлу, әдемі (адам) ♦She was a vision in white lace. – Ол (қыз) ақ шілтерде асқан сұлу болып көрінді. ♦a vision of loveliness – сұлулықтың көрінісі 5. (телевизордағы, экрандағы) көрініс ♦We apologize for the loss of vision. – Көріністің жоғалғанына кешірім/ ғафу өтінеміз.