vocal [ˈvəʊkl] A.adj 1.дауыс, үн, дыбыс, дауыстау, дыбыстау, үндеу не осыларға қатысты ♦vocal music – ән ♦the vocal organs – дыбыстау органдары (тіл, ерін, тб) 2. (пікірін, тб) ашық айтатын; дауыстай наразылық білдіретін ♦He has been very vocal in his criticism of the government's policy. – Үкіметтің саясатын ол (ашықтан) ашық сынауда. ♦The protesters are a small but vocal minority. – Протесшілер/ Наразылар шағын, бірақ шуылдақ азшылық. B.n (музыкадағы) вокал, ән ♦backing vocals – әнмен сүйемелдеу ♦In this recording Armstrong himself is on vocals. – Мына таспада Армстроңның өзі ән айтады.