voice [vɔɪs] A.n 1.дауыс, үн, дыбыс, дабыр, шу ♦I could hear voices in the next room. – Келесі бөлмеден (бір) дауыстарды естідім/ ести алдым. ♦He recognized Sarah's voice. – Ол Сараның даусын таныды. ♦in a… ∼ to speak in a deep/soft/loud voice – жуан/ жұмсақ/ қатты дауыспен сөйлеу ♦a small voice – ұяң дауыс ♦in smb's ∼ There was a note of concern in his voice. – Даусында қобалжу табы болды. ♦He never raised his voice to the children. – Ол балаларға ешқашан дауыс көтерген емес. ♦to lower your voice – ақырын сөйлеу, бәсең дауыспен сөйлеу ♦Keep your voice down. – Ақырын/ Дауыстамай/ Бәсең сөйле(ңіз). ♦Don't take that tone of voice with me! – Менімен мұндай дауыспен сөйлеспе(ңіз)! ♦The men turned around at the sound of my voice. – Кісілер дауысымды ести бұрылды. ♦Her voice shook with emotion. – Даусы толқи дірілдеді. ♦When did his voice break? – Оның дауысы қашан жуарған (яғни, еркектікіндей болған)? ♦Her voice sounded familiar. – Даусы таныс көрінді. ♦He was suffering from flu and had lost his voice. – Тұмаудан даусы бітіп қалды. ♦She has a good singing voice. – Оның сыңғырлаған жақсы даусы бар. ♦She was in good voice at the concert tonight. – Кешкі концертте ол жақсы ән салды. 2. -voiced даусы пәлендей ♦low-voiced – жуан дауысты ♦squeaky-voiced – шиқылдақ дауысты, даусы шиқылдаған 3. ∼ (in smth) пікір айту хақы/ правосы ♦Employees should have a voice in the decision-making process. – Шешім шығарғанда қызметкерлердің пікірін ескеру керек. ♦Refugees have been unable to find a voice in politics. – Босқындардың үні саясатта естілмеді. 4.пікір, дауыс, сезім, үн ♦He pledged that his party would listen to the voice of the people. – Ол өз партиясы халық үнін тыңдайтын болады деп уәде етті. ♦Very few dissenting voices were heard on the right of the party. – Партияның оң қанатынан бірнеше ғана адам наразы болды. ♦the voice of reason/sanity/conscience – жөн/ дұрыс/ саналы пікір ♦‘Coward!’ a tiny inner voice insisted. – «Қорқақ!» деп іштегі бір титтей үн қоймады. ♦The Royal Society is the voice of the British science establishment. – Корольдік қоғам - Британия ғылымының үні. 5.етіс (залог) ♦the active voice - негізгі етіс, белсенді етіс (активный залог) ♦the passive voice - етістіктің ырықсыз түрі, пассив етіс (страдательный залог) ♦Can you turn this sentence into the passive voice? – Мына сөйлемді етістіктің ырықсыз түріне/ пассив етіске айналдыра аласың(ыз) ба? 6. (idm) *at the top of your voice [қ-з: top (A10)] *find your voice/tongue [қ-з: tongue (A8)] *give voice to smth сезімін, уайымын, тб білдіру ♦Many workers at the meeting gave voice to their fears about job security. – Жиналыста көп(теген) жұмысшы жұмыс орындары қысқара ма деген уайымдарын білдірді. *like, etc. the sound of your own voice [қ-з: sound (A4)] *make your voice heard пікірін, сезімін, тб естірту/ айту ♦The programme gives ordinary viewers a chance to make their voices heard. – Прогараммада жай/ қарапайым көрермендер өздерінің пікірлерін/ ойын айта алады. ♦a society in which individuals are able to make their voices heard – әр мүшесі өз пікірін айта алатын қоғам *a/the still small voice (literary) ар, сана, ождан *with one voice бір ауыздан, бәрі келісе ♦The various opposition parties speak with one voice on this issue. – Түрлі оппозициялық партиялар осы мәселеде - бірауызды. ♦The teachers speak with one voice when they demand an end to the cuts. – Бюджетті азайту мәселесінде мұғалімдер бірауыздан қарсылық білдіреді. B.v 1. ∼ smth (пікірін, сезімін, тб) айту, деу, білдіру ♦to voice complaints/criticisms/doubts/objections – шағымдану/ сын айту/ күмәндану/ қарсы екенін айту ♦A number of parents have voiced concern about their children's safety. – Бірнеше ата-ата балаларының амандығы жөнінде уайымын айтты. 2. ∼ smth дыбыстау, үндеу, дауыс/ дыбыс/ үн шығару