volunteer [ˌvɒlənˈtɪə(r)] A.n 1.ерікті, волонтер (жұмысты өз еркімен әрі тегін істейтін адам) ♦Schools need volunteers to help children to read. – Мектепке балаларға кітап оқуға көмектесетін еріктілер қажет. ♦She does volunteer work at an orphanage. – Ол жетімханада ерікті болып істейді. ♦∼ for/with smth She was a volunteer for the Red Cross before training as a nurse. – Ол күтуші/ медбике/ медбауыр болып әзірліктен өтпес бұрын Қызыл Кресте ерікті болып істеді. ♦Volunteers from various organizations are working to save the lives of the earthquake victims. –Түрлі ұйымдардан келген еріктілер/ волонтерлар зілзаладан/ жер сілкінісінен жапа шеккендердің өмірін аман алып қалу үшін жұмыс істеуде. ♦a volunteer firefighter – ерікті/ волонтер өрт сөндіруші ♦volunteer helpers/carers – ерікті жәрдемшілер/ күтушілер 2.ерікті, өз еркімен жәрдемдесуші ♦Are there any volunteers to help clear up? – Тазалауға өз еркімен көмектесетіндер бар ма? ♦For my next trick, I'll need a volunteer from the audience. – Келесі сиқырыма (трюгіме) көрермендер арасынан бір адам керек. ♦The company is looking for volunteers to take part in a trial. – Сынаққа қатысуға компания еріктілер іздестіруде. ♦Hundreds of volunteers have come forward to offer their help. – Жүздеген адам өз еркімен көмек ұсынды. 3.ерікті (әскерге/ армияға өз еркімен барушы) (доброволец) B.v 1. өз еркімен әрі тегін істеу, өз еркімен әрі тегін қызмет/ жұмыс ұсыну; ерікті/ волонтер болып істеу ♦He has been volunteering for 11 years now. – Ол міне(ки) он бір жыл бойы ерікті/ волонтер болып істейді. ♦∼ to do smth Jill volunteered to organize a petition. – Джил өз еркімен петиция ұйымдастырды. ♦I volunteered to help clean up the beach. – Өз еркіммен пляжды тазалауға көмектестім. ♦∼ for smth Several staff members volunteered for early retirement. – Бірнеше қызметкер өз еркімен ерте пенсияға/ зейнетке шықты. ♦∼ as smth He volunteered as a translator for Spanish-speaking patients. – Ол өз еркімен испан тілді науқастарға/ пациенттерге аудармашы/ тәржімеші болды. ♦∼ smth Workers volunteer their time, as no funds are available to pay professional staff. – Кәсіби мамандарға төлейтін жалақы болмаған соң, жұмысшылар тегін уақыт істейді. ♦∼ smth as smth He volunteered his services as a driver. – Ол өз еркімен жүргізуші болды. ♦∼ smth for smth She has been volunteering her computer skills for the foundation. – Ол қор/ фонд үшін компьютерде жұмыс істеп жүр. 2.өзі, өз еркімен кеңес беру/ бірн-е айту ♦∼ smth to volunteer advice – өзі/ өз еркімен кеңес беру ♦Nobody asked her, and she didn't volunteer any information. – Ешкім сұрамаған соң, ол да өзі ештеңе айтпады. ♦‘I could lend you some books,’ he volunteered. – «Саған біраз кітап бере тұра аламын», дед ол өзі. 3. (әскерге, армияға) ерікті болып қосылу (присоединиться к вооруженным силам в качестве добровольца) ♦He wasn't conscripted. He volunteered. – Оны әскерге шақырған жоқ, өзі (ерікті болып) барды. ♦∼ for smth to volunteer for military service – әскери қызметке өзі бару/ ерікті болып қосылу 4.біреуді бір жұмысқа/ қызметке ұсыну, біреуді істету ♦∼ (for/as smth) They volunteered me for the job of interpreter. – Олардың айтуымен аудармашы/ тәржімеші болып істедім. ♦∼ to do smth Her dad had volunteered her to help put away the equipment. – Әкесі оған жабдықты бір шетке қойғызды.