vote [vəʊt] A.n 1. (сайлауда, тб берген) дауыс ♦to win/lose votes – сайлауда ұту/ ұтылу, дауысты ұту/ дауыс жоғалту ♦You can cast your vote at the local polling station. – Жергілікті сайлау учаскесінде дауыс бере аласыңыз. ♦He took 53% of the votes in the election. – Ол сайлауда дауыстың 53%-ін алды. ♦They've started opening the ballot boxes and counting the votes. – Олар дауыс жәшіктерін/ урналарды ашып, дауыстарды санай бастады. ♦No candidate gained a majority of the votes in the first round. – Бірінші кезеңде еш кандидат көп дауыс алмады. ♦The Tory candidate received only 4203 votes. – Конверваторлар партиясының кандидаты 4203 дауыс алды. ♦∼ for/against smb/smth There were 21 votes for and 17 against the motion, with 2 abstentions. – Ұсынысты 21 адам жақтап, 17-сі қарсы дауыс беріп, 2 адам қалыс қалды. ♦The motion was passed by 6 votes to 3. – Ұсыныс 6-3 (алты да үш) дауыспен өтті/ қабылданды. ♦The Green candidate won over 3 000 of the 14 000 votes cast. – Берген 14000 дауыстың 3000-ын Жасылдар партиясының өкілі алды. 2.дауыс беру(шілік), сайлау(шылық) ♦to win/lose a vote – сайлауды/ дауысты ұты/ ұтылу ♦∼ on smth to have/take/hold a vote on an issue – мәселені дауысқа салу ♦∼ in favour of smth We saw today a decisive vote in favour of industrial action. – Бүгінгі дауыста көп адам ереуілді жақтап дауыс берді. ♦The issue was put to the vote. – Мәселені дауысқа салды/ қойды. ♦The vote was unanimous. – Дауыс/ Сайлау бірауызды болды., Бәрі жақтап дауыс берді. ♦Decisions have to be ratified by a majority vote. – Шешімдерді көп дауыспен бекіту/ ратификациялау керек. 3. the ∼ сайлау/ дауыс беру хақы/ правосы ♦In Britain and the US, people get the vote at 18. – Британия мен АҚШ-та азаматтар 18 жастан сайлай алады/ дауыс бере алады. ♦How many years is it since women have had the vote? – Әйелдер сайлау/ дауыс беру хақына ие болғалы бері қанша жыл болды? ♦legislation to give prisoners the vote – сотталғандарға сайлау хақын/ дауыс беру хақын беретін заң 4. the ∼ сайлауда берген дауыс саны ♦She obtained 40% of the vote. – Ол дауыстың 40%-ін алды. ♦The party increased their share of the vote. – Партия (сайлауда алған) дауыс санын ұлғайтты. 5. the ∼ белгілі бір топтың сайлауда берген дауыс саны ♦the student vote – студенттердің (сайлауда берген) дауысы ♦the Labour vote – лейбористер берген дауыс ♦the Hispanic/Latino vote – испантілділердің/ латынамерикалықтардың дауысы, хиспаниктер/ латинолар дауысы B.v 1. (сайлауда, тб) дауыс беру ♦How did you vote at the last election? – Өткен сайлауда қалай дауыс бердіңіз? ♦Only about half of the electorate bothered to vote. – Сайлаушылардың жартысы ғана дауыс берген. ♦∼ for/against smb/smth to vote for a candidate/party/bill – кандидатқа/ партияға/ заң жобасына дауыс беру ♦Did you vote for or against her? – Оны жақтап/ жақтай дауыс бердіңіз бе, жоқ қарсы ма?, Дауысты оны жақтап бердіңіз бе, жоқ оған қарсы бердіңіз бе? ♦∼ in favour of smth Over 60% of members voted in favour of the motion. – Мүшелердің 60%-тен көбі ұсынысты жақтап/ жақтай дауыс берген. ♦∼ on smth We'll listen to the arguments on both sides and then vote on it. – Екі жақтың да пікірін тыңдаған соң, осы мәселені дауысқа саламыз. ♦About 1.8 million people voted in the election. – Шамамен 1.8 млн сайлаушы сайлауда дауыс берген. ♦∼ smth We voted Democrat in the last election. – Өткен сайлауда Демократиялық партияға дауыс бердік. ♦to vote yes/no – жақтап/ қарсы дауыс беру, иә/ жоқ деп дауыс беру ♦∼ to do smth The board voted unanimously not to file for bankruptcy. – Басқарма бірауыздан/ тегіс банкроттық жарияламау үшін дауыс берді. ♦The Senate voted overwhelmingly to retain sanctions. – Сенат басым көп дауыспен санкциялардың қалдыруды/ сақтауды жақтады. ♦Parliament voted to set up an independent inquiry into the matter. – Парламент осы мәселе бойынша тәуелсіз/ дербес тергеу жүргізуді жақтай дауыс берді. ♦to be registered/eligible to vote – сайлауға/ дауыс беруге тіркелу/ дауыс беретін хақы болу 2. ∼ smb/smth дауыс беріп сайлау; дауыс беріп таңдау/ іріктеу ♦He was voted most promising new director. – Өте дарынды директор деп оған көп дауыс берді. ♦The College of Cardinals voted him Pope. – Кардиналдар жиыны оны Папа етіп сайлады. ♦The New York Film Critics Circle voted it their Best Picture of the Year. – Нью-Йорк киносыншылары тобы оны Жылдың ең үздік фильмі деп тапты. 3.бағалау, баға беру, пікір айту ♦The event was voted a great success. – Іс-шараны/ Оқиғаны өте табысты деп бағалады. 4. ∼ smb/yourself smth дауысқа салып біреуге/ өзіне бірнәрсе беруге келісу ♦The directors have just voted themselves a huge pay increase. – Директорлар жаңа ғана өздерінің жалақысын өте көп өсіруді жақтап дауыс берді. 5. ∼ (that)… ұсыну, ұсынысты жақтау ♦I vote (that) we go out to eat. – Тысқа шығып тамақтанған дұрыс деп ойлаймын. 6. (idm) *vote with your feet жақтырмайтынын білдіріп кетіп қалу/ бармау ♦Shoppers voted with their feet and avoided the store. – Клиенттер жақтырмай, (бұл) магазинге бармайтын болды. 7. (phr v) *vote smb/smth down қарсы дауыс беру ♦The proposal was voted down. – Дауысқа салғанда ұсыныс өтпей қалды. *vote smb in | vote smb into/onto smth дауыс беріп сайлау ♦He was voted in as treasurer. – Оны қазынашы етіп сайлады. ♦She was voted onto the board of governors. – Оны басқарушылар басқармасына сайлады. ♦the government that has just been voted into power – енді ғана сайланған үкімет *vote smb out | vote smb out of/off smth дауысқа салып біреуді қызметінен шығару/ алу ♦He was voted out of office. – Дауысқа салып оны қызметінен алып тастады. ♦She was voted off the committee. – Дауысқа салып оны комитеттен шығарып тастады. *vote smth through дауысқа салып жоспарды, тб іске қосу/ күшіне енгізу ♦A proposal to merge the two companies was voted through yesterday. – Екі компанияны қосу туралы ұсынысты кеше дауысқа салып құптады.