wad [wɒd] A.n 1.бума, буда (қағаздың, ақшаның, тб) ♦He pulled a thick wad of £10 notes out of his pocket. – Ол £10 банкноттық бір бума ақшаны қалтасынан шығарды. ♦(BrE, slang) They had a wad/wads of money. – Олардың ақшасы көп. ♦She came in with tears streaming down her face, clutching a wad of tissues. – Ол беті жастан пора-пора/ айғыз-айғыз (болып), қолында бір уыс салфетка бар кіріп келді. 2. (жұмсақ нәрсе ж) бір шөкім, бір шымшым, бір түйір, бір бармақ ♦The nurse used a wad of cotton wool to stop the bleeding. – Қанды тоқтату үшін медбике бармақтай/ бір шөкім мақта қойды. B.v 1. ∼ smth (up) (especially NAmE) бармақтай/ шөкімдей етіп бүктеу не жұмырлау/ қысу 2. ∼ smth мақтамен, тб тығындау, жұмсақ матамен бітеу/ қою