wade [weɪd] v 1. (суды, балшықты) кеше жүру, кешу ♦He waded into the water to push the boat out. – Қайықты итеріп шығару үшін ол суға түсті. ♦Sometimes they had to wade waist-deep through mud. – Кей уақытта олар белуардан балшық кешті. ♦The men waded ashore. – Кісілер су кеше жағаға беттеді. ♦We waded across the stream. – Ағысты көлденең(інен) кештік. ♦∼ smth They waded the river at a shallow point. – Олар өзенді саяз/ таяз тұстан/ тұсынан кешті. 2. (NAmE) (BrE paddle) су кешу, таяз суда тұру не жүру 3. (phr v) *wade in | wade into smth (informal) жағаласа/ ерегесе төбелесіп кету/ айтысу/ ұрсысу/ салғыласу ♦The police waded into the crowd with batons. – Полиция топқа таяқ сермей тап берді. ♦You shouldn't have waded in with all those unpleasant accusations. – Сол бір жайсыз айыптаулармен килікпей-ақ қоюың(ыз) керек еді. *wade through smth зеріктіретін/ жалықтыратын нәрсемен айналысу ♦I spent the whole day wading through the paperwork on my desk. – Күні бойы столымдағы қағаздармен мықшыңдадым.