wait [weɪt] A.v 1.күту, тосу ♦She rang the bell and waited. – Ол қоңырауды басып, күтті/ тосты. ♦The President agreed to speak to the waiting journalists. – Президент күтіп тұрған журналистермен жүздесуге келісті. ♦They waited patiently while I got ready. – Дайын болғанымша олар тыныш/ үндемей күтті. ♦I waited and waited, but the bus didn't come. – Қанша күтсем де автобус келмеді. ¨Have you been waiting long? – Күтіп тұрғаның(ызғ)а/ Отырғаның(ызғ)а көп болды ма? ♦to wait (for) hours/days/weeks/months/years – сағаттап/ күндеп/ апталап/ айлап/ жылдап күту, талай сағат/ күн/ апта/ ай/ жыл күту/ тосу ♦∼ for smth Leeds United had waited for success for eighteen years. – Лидс Юнайтед осы табысты он сегіз жыл (бойы) күтті/ тосты. ♦This is just the opportunity I've been waiting for. – Бұл мен күтіп жүрген мүмкіндік еді. ♦∼ for smb/smth to do smth He's waiting for me to make a mistake. – Ол мен қателессін деп күтіп жүр. ♦∼ to do smth I've been waiting a long time to say that to her. – Осыны соған айту үшін көп уақыт күттім. ♦∼ your chance I waited my chance and slipped out when no one was looking. – Күтіп тұрып, ешкім жоқ болғанда білдіртпей кетіп қалдым. ♦Your car is waiting, sir. – Машинаңыз күтіп/ тосып тұр, сэр. ♦When we arrived on the platform, there was a train waiting. – Платформаға келгенімізде пойыз тосып тұрды. ♦∼ for smb There's a letter waiting for you at home. – Саған үйіңе хат келді. ♦∼ to do smth The hotel had a taxi waiting to collect us. – Қонақ үй бізді күтіп алуға такси жіберіпті. ♦I've got some calls to make but they can wait until tomorrow. – Біраз (жерлерге) телефон шалуым/ звондауым керек, бірақ ертеңге дейін қалдыра тұруға болады. ♦I'm afraid this can't wait. It's very important. – Мына іс шұғыл/ Мына істі кейінге қалдыруға болмайды. Бұл – аса маңызды. 2. (idm) *an accident/a disaster waiting to happen болатын оқиға/ апат, күтіп тұрған оқиға/ апат ♦Any one of these nuclear plants may be a disaster waiting to happen. – Осы атом станцияларының кез-келгені апатқа ұрындыруы мүмкін. *(waiting) in the wings (іске кірісуге, көмекке келуге, тб) күтіп тұрған, әзір тұрған ♦Other firms are waiting in the wings, ready to step in and make an offer should the current deal fall through. – Қазір контрактіге қол қойылмаса, басқа фирмалар келіп, ұсыныс жасауға әзір тұр. *I, they, etc. can’t wait/can hardly wait асыға/ тағатсыз күту/ тосу ♦The children can't wait for Christmas to come. – Балалар рождествоның келуін асыға күтуде. ♦I can hardly wait to see him again. – Оны тағы бір көрсем ғой деймін. *keep smb waiting біреуді күткізіп/ күттіріп/ тосқызып/ тостырып қою, күткізу, тб ♦I'm sorry to have kept you waiting. – Күткізіп қойғаныма ғафу өтінемін. *let the dust settle | wait for the dust to settle [қ-з: dust (А3)] *wait and see күтіп, не болатынын тосу, әліптің артын бағу, оқиғаның немен бітетінін күту ♦We'll just have to wait and see - there's nothing we can do at the moment. – Арты не болатынын тосалық – қазір қолымыздан келер (еш) қайран жоқ. ♦a wait-and-see policy – әліптің артын бағу саясаты ♦‘Where are we going?’ ‘Wait and see!’ – «Қайда барасың?» «(Не болатынын қазір) көресің!» *wait at table [қ-з: table (A6)] *wait for it (informal, especially BrE) a) (таңғалатын нәрсені айтар кезде қолд) мынаң ғара (мынаны қара), қара, тб ♦They're off on a trip, to - wait for it - the Maldives! – Олар саяхатқа кетті; қайда – Малдивке! b) кідіре тұр, сәл кідір/ тос *wait a minute/moment/second [қ-з: minute 1(А7)] *wait on smb hand and foot(disapproving) біреудің асты-үстіне түсу, біреуге бәйек болу, біреуге жаны қалмай көмектесу ♦He seems to expect me to wait on him hand and foot. – Ол мені оның асты-үстіне түседі деп ойлайтын сияқты. *wait tables [қ-з: table (A6)] *wait till/until… (informal) тұра тұр (бәлем) тоқтай тұр, күте тұр, көреміз, тб ♦Wait till you see what I've found! – Тұра тұр, не тауып алғанымды көр! ♦Wait till I get my hands on him! – Тұра тұр, бәлем, қолыма бір түсерсің! *what are we waiting for?(informal) не(ні) күтіп/ тосып тұрмыз? неге кідіріп тұрмыз? *what are you waiting for? (informal) не(ні) күтіп/ тосып тұрсың(ыз)? неге кідіріп тұрсың(ыз)? ♦If the car needs cleaning, what are you waiting for? – Машинаны тазалау керек болса, не(ні) күтіп тұрсың? *(just) you wait тұра тұр, тоқтай тұр, әлі көресің ♦I'll be famous one day, just you wait! – Бір күні атым жер жаратын болады/ әйгілі боламын, күте тұр/ әлі көресің. 3. (phr v) *wait around/about күту, тосу, кідіру ♦Let’s wait around and see what happens. – Кідіре тұралық, көрелік не болатынын. *wait behind (especially BrE) артынан тосу/ күту, қалып, күту ♦He asked her to wait behind after the meeting. – Жиналыстан соң ол (еркек) оған (әйелге) тоса тұр деді. *wait in (BrE) үйде тосу/ күту ♦I waited in all day but the plumber never came. – Күні бойы тоссам да, сантехник келмеді. *wait on smb біреуді тамақ беріп, жәрдемдесіп, күту, біреуге қызмет ету/ көрсету, біреуге қарау ♦‘Help yourself,’ she said, ‘I’m too tired to wait on you.’ – «Тамақты өзің құйып ішші», деді ол, «Шаршадым, саған қарар/ қарайтын шамам жоқ». *wait on smth/smb (informal, especially NAmE) бірнәрсені күту/ тосу ♦She is waiting on the result of a blood test. – Ол қанның анализін күтуде. *wait smth out жайсыз нәрсе өткенше/ біткенше күту/ кідіру ♦We sheltered in a doorway to wait out the storm. – Дауыл біткенше/ басылғанша есіктің артында күттік. *wait up (NAmE) кідіре тұр, баяула, ақырында ♦Wait up - you’re walking too fast for me. – Тұра тұр/ Баяула – тым тез жүріп бара жатырсың. *wait up (for smb) біреуді күту/ тосу ♦I’ll be back very late so don’t wait up for me. – Кеш келемін/ ораламын, (сондықтан) мені күтпеңдер. B.n 1.күту, тосу ♦The wait seemed interminable. – Шексіз күтетіндей көрінді. ♦It took six months for the house to be finished, but it was worth the wait. – Үй біткенше алты ай өтті, бірақ (үй) жақсы болды. ♦∼ for smb/smth We had a long wait for the bus. – Автобусты ұзақ күттік. ♦∼ of… There could be a wait of four months or more. – Төрт ай не одан көп күту керек болуы мүмкін. 2. (idm) *lie in wait (for smb) [қ-з: lie 1(А7)]